«Қазақстанның 100 жаңа есімі»
жобасына қатысу ережелері

 

1. Өтінім беру
1.1 Жобаға қатысу талаптары:
- қызметтің белгілі салаларында нақты жетістіктерінің болуы;
- жобаға Қазақстан аумағында және одан тыс та тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
1.2 Қатысу үшін www.100janaesim.ruh.kz. Сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.
1.3 Қатысушы шын ақпарат ұсынуға міндеттеледі. Құқықбұзушылық немесе басқа да бұрмалаушылық анықталған жағдайда, оның ішінде онлайн дауыс беру кезінде дауыс санын асыра бұрау болса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өздеріне қалдырады.
1.4 Өтінімдер қызметтің келесі салалары бойынша қабылданады:
медицина,
білім беру,
ғылым және инновация,
экология,
мәдениет және спорт,
бизнес,
қоғам

2. Өтінімдерді іріктеу және қатысушыларды онлайн-дауыс беруге жіберу.
2.1 Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен барлық өтінімдер модерациядан өтеді, содан соң сайтта жаряланады;
2.2 Онлайн режимінде дауыс беруге арналған өтінімдерді іріктеуді ұйымдастыру комитеті бекіткен қоғам және мәдениет қайраткерлерінен тұратын сараптамалық комиссия жүзеге асырады;
2.3 Комиссия таңдаған кандидаттарға онлайн режимінде дауыс беруге рұқсат етіледі;
2.4 Қажет болған жағдайда қатысушылар ұйымдастырушыларға қосымша ақпарат ұсынуға дайын болулары керек.

3. Онлайн-дауыс беру
3.1 Онлайн-дауыс беру туралы ақпарат жобаның ресми сайтында жарияланады;
3.2 Үміткерге дауыс беру үшін онлайн-тіркелуден өтіп, өзінің электрондық жәшігін көрсету қажет;
3.3 Дауыс беру кезінде қызметтің әр саласында бір үміткерді таңдауға мүмкіндік беріледі, бірақ әр салада бір дауыстан артық болмауы керек.