Моя история

Ерболат Нұқ

Ерболат Нұқ

15

Марта

Образование
Участник 2021

Ерболат Нұқ, қаламы қарымды ақын, ұлы даланың ұлағатын сіңіріп өскен жалынды жас ұстаз. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының "Қараоба жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі қызметін атқаруда. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша ауылға келген талантты да, білімді жас маман 3 жыл ішінде, қажырлы еңбегінің арқасында,  мектебіміздің абыройын асқақтатып келеді. Ауылға келіп биік белестерді бағындырып жүрген, Нұқтың еңбек жолы қазіргі көптеген жастарға үлгі. Оқушыларды шығармашылыққа, көркемсөз өнеріне, ақындыққа тәрбиелеуде. Шәкірттері көптеген байқаулардың жеңімпаздары. Оқушыларының жетістігі: - Облыстық Тұңғыш президенті күніне арналған "Отаным - бақыт ордасы" мүшәйрасында 11-сынып оқушысы Рымбек Абзал - Бас жүлде - Облыстық «Біз туған өлкені өлеңменен мадақтаймыз!» байқауында 5-сынып оқушысы Жұмажан Назерке 1-орын. - Облыстық Шоң би оқуларында 5-сынып оқушысы Жұмажан Назерке 1-орын. - Облыстық Абай оқуларында 9-сынып оқушысы Кабиденова Дильназ 2-орын. - lV халықаралық балалар "Алтын дауыс" байқауында "Үздік ұстаз" атанып, оқушысы Салтанатқызы Ұлдана - Бас жүлде - Облыстық "Мәшһүр-Жүсіп оқулары" Кабиденова Дильназ - Бас жүлде - Облыстық "Махамбет оқуларында" 9-сынып оқушысы Кабиденова Дильназ 1-орын. - Облыстық Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған көркемсөз байқауында 11-сынып оқушысы Рымбек Абзал - Бас жүлде - Облыстық «Мамандық әлемін ашамыз» форумы 2-орын. - VI облыстық "Мағжан оқулары" Қабиден Ділнәз 2-орын - Қашықтықтан өткізілген республикалық сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. - Мұғалім жетістігі: - 2016 жылы республикалық «Күләш әлемі» байқауының 3-орын иегері. - 2018 жылы «Инстақыран» жинағының авторы. - 2019 жылы облыстық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының жеңімпазы. - Облыстық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «Ауылым – алтын бесігім» байқауының жүлдегері. - Облыстық «Мен жастарға сенемін!» мүшәйрасының жеңімпазы. - "Ақ қанат, ақ құсым - Ақтоғай" жинағына өлеңдері еңген. - Аудандық тамыз конференциясында нәтижелі еңбегі үшін аудан әкімінің ақшалай сыйлығымен марапатталды.