Моя история

Дүлдүл Руслан

Дүлдүл Руслан

20

Марта

Образование
Участник 2021

Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы 1983 жылы 05 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келіп, 2000 жылы №253 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы қаласы "Абылай хан" атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдер университетінің «Ағылшын тілін меңгерген халықаралық қатынастар маманы» біліктілігін алып шығады. Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда қаласы Петро Қазақстан Құмкөл Рисорсиз АҚ компаниясында аудармашы, жетекші маман қызметтерін атқарады. 2007-2010 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің теориялы-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аспирант-ізденушісі. 2009 жылы "Каз ПетроГлоуб Сервис" ЖШС директоры. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторлық кеңесінде саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін "Қазақстан Республикасы саяси партиялары қызметіндегі демократиялық мемлекет құру: саяси талдау" диссертациясын қорғады. 2010-2011 жылдары "Қазақ-Қытай академиясының" Халықаралық қатынастар менеджері. 2011-2015 жылдары "Қазақ-Қытай академиясының" Білім және бизнес факультетінің деканы. • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың Алғыс Хаты, 2016; • Мемлекеттік –жеке әріптестік аясында оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға қосқан үлесі мен азаматтық белсенділігі үшін Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаевтың Алғыс Хаты, 2017; • «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалі, 2018; • Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2018; • ҚР білім жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мен өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына қосқан белсенді үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағанбетовтың Алғыс хаты, 2019 жыл; • «NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ.Байбектің Құрмет грамотасы, 2019 жыл; • «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінің негізін салушы, құрылтайшысы.