Моя история

Батырханов Асқар

Батырханов Асқар

21

Марта

Бизнес
Участник 2021

Бүкіл әлем мен адамзатты жаулаған, елімізді әбігерге салған COVID-19 індетіне қарсы күресте өз өмірлерін қатерге тігіп, 3 ай бойы уйдің, бала шағасының бетін көрмей, казармалық жағдайда өндіріс аймағында "жабылып", жан сақтау бөлмелерде ауыр хәлде жатқан науқас адамдардың өмірлерін сақтап қалуда, баға жетпес ерлік жасаған азаматтардың қатарында, Асқар Батырханов басқарып отырған "AirGaz" ЖШС-нің медициналық және техникалық газдарды өндіретін зауыт ұжымының адал еңбегі қоғамда жоғары бағалануға тұрарлық. Адами ресурс пен жұмыс күшінің жетіспеушілігіне бой бермей, жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің жоспардан тыс тозуына қарамастан пандемия басталғаннан бері осы зауыт Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарының ауруханаларын медициналық оттегімен үздіксіз және тәулік бойы тоқтамай қамтамасыз етіп келді. Барлық жұмысшыларды біріктірген тек қана бір ғана мақсат болды - ол ауруханаларда жатқан мыңдаған науқастарды өмірлік маңызды оттегімен күн түн демей қамтамасыз ету. Осы тұрғыда, Асқар Батырханов өзін білгір басшы, жоғары кәсіби маман, басқару ісінің шебері, азаматтық борышын бірінші орынға қойған, еліміздің нағыз патриоты екенін көрсете білді. Болған оқиғалар жайлы, шынайы өмірден алынған жағдай мен кейіпкерлер туралы "Хабар" арнасы ұйымдастырған "Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін" республикалық телепроектісі бойынша продюсер-драматург Бақыт Қилыбаевтың сценарлық шеберханасы "Тыныс" атты көркем фильм түсірді. Зауыт ұжымының адал еңбегі бағаланып, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" және республикалық саяси-қоғамдық "QAZAQ" газет беттерінде мақала боп шықты.