Моя история

Рустем Ермекбай

Рустем Ермекбай

25

Октября

Бизнес
Победитель 2019

Проголосовано

4481

Алматы қаласы

ТОО "Ayrin Online" ТОО "Ayrin Group" TOO "Ayrin Retail"

Көрші Өзбекістаннан 18 жасында ата еліне қоныс аударып бүгінде Қазақстандық бренд sabyrzhanayrin негізін қалап ЖСШ «Ayrin Group” текстильді холдингін және халықтық жоба “Ayrin Online” ЖСШ-нің бас директоры болып отыр. Рустем Ермекбай 1988 жылы Өзбекстандағы Бостандық қазақ ауданында дүниеге келген. Отбасылық жағдайына байланысты жастайынан қара жұмыс істеп, өзін асыраған.

Бокстан спорт шеберіне үміткер. Мектепті бітірген соң 18 жасында Қазақстанға келіп жоғарғы оқу орнына түсті. Туризм мамандығы бойынша 3 дүркін Республика олимпиадасының жүлдегері. 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алып ҚазҰУ магистратура бөліміне оқуға түсті. 2013 жылы ағылшын тілін үйренуде авторлық методикасымен алғашқы бизнесін бастады. Ізденімпаз кәсіпкер 2014 жылы бар жоғы 35 мың теңгемен ашқан отандық бренді 3 жылдың ішінде Қазақстанның 14 қаласында 22 дүкендер желісін ашып, Алматы қаласында 3 тігін фабрикасын жүргізді.

Тұтынушыларының қатарында АҚШ, Қытай, Еуропа елдері, Египет, Рессей секілді мемлекеттерден тапсырыс арқылы sabyrzhanayrin өнімдерін қолдануда. 2016 жылы қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық рейтингісінің қорытындысы бойынша sabyrzhanayrin «Сала Көшбасшысы 2016» сыйлығын алды. Қазірде Рустем Ермекбай мемлекеттің қолдаумен дамып жатқан «Atameken Academy» және «Jas Kasipker» бағдарламаларында белсенді спикерлердің бірі. Сонымен қатар өзі басқарып отырған ЖСШ Ayrin Online IT жобасында 1200-ден астам отандасымызды дайын бизнеспен қамтамасыз етіп отыр. Іскер азамат Рустем Ермекбайдың мақсаты – жеке бизнесімен айналысқысы келетін әр бір азаматқа әлемдік Uber, AirBnB секілді онлайн платформа арқылы мүмкіндік беріп, Қазақстанда шағын орта бизнесіне қолдау көрсету.