Моя история

Нурия Жумагалиева

Нурия Жумагалиева

29

Октября

Медицина
Участник 2019

Проголосовано

14764

ШЖҚ КМК "№3 қалалық емхана"

Қызылорда облысы

Білікті маман – баға жетпес кадр Адам жанының арашашысы болған ақ халатты абзал жандар қашан да халық арасында үлкен бедел мен құрметке ие. Бірақ олар үшін осындай абыройға бөлену оңай емес. Ол үшін кәсіби жоғары біліктілік, өз мамандығыңа деген шексіз сүйіспеншілік қажет. Өйткені, дәрігер адам тағдырына жауап береді. Міне, осындай кісілер біздің арамызда да аз емес. Солардың бірі Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емхана бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары, дәрігер акушер - гинеколог Жұмағалиева Нұрия Қауынбайқызы. Тәжірибелі маман көптің ағеден алғысына бөлінген жан. Әріптестерінің арасында да сый-құрметке ие. Қашанда еңбек жолын жаңадан бастаған жастарды тәрбиелеп, оларға білгендері мен түйгендерін үйретіп келеді.

Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы №2 қалалық емханада акушер – гинеколог болып бастаған ол өзінің еңбексүйгіштігімен, табандылығымын, біліктілігімен көзге түсіп, бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Қазіргі таңда №3 қалалық емхана бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары. Аталған емханаға қарасты аумақтағы тұрғындармен тығыз байланыста. Дәрігер қызметіне мұқтаж болып келген жанды жылы жүзбен қарсы алып, тиісті ем-дом жасайды. Әрбір алдына келушінің денсаулығы мықты болуы үшін дәрігерлік көмегін аямайды. Уақытпен санаспай жұмыс жасайды. Өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан да әрқашан кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыруды ұмытпайды. Мәселен Нұрия Қауынбайқызы Польша мемлекетінің Люблин қаласында Денсаулық Сақтау саласындагы экономика және менеджмент тақырыбы жөнінде біліктілігін жетілдірген.

Бірінші санатты Акушер- гинеколог дәрігер осы күнге дейін «Гинекологияның таңдаулы сұрақтары, Акушерство-гинекология» І санатты дәрігер (сертификат №КZ83VBM008657246, 25.02.2019ж берілген) «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша ІІ санатты дәрігер (сертификат №КZ45VBM00865729, 25.02.2019ж берілген), «Денсаулық сақтау менеджменті», мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру үшін маман сертификатын алды. (Сертификат №КZ16VBM00420051, 09.01.2016ж берілген) «УДЗ диагностика», «Жалпы дәрігерлік практика», «Диагностикалық кальпоскопия», АМБДЖИ «Сәулелі диагностика (УУД таңдау компоненті)», «Тәуелсіз сараптама» «Жаңартылған стандарттар бойынша аккредитациялау», «Медициналық ұйымдардағы ішкі аудит және науқасты қолдау ісі қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері», БШАЫЕ тақырыбы бойынша білім жетілдіруден өткен. Дәрігер қызметін атқарып жүрген уақыт аралығында өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби шеберлігін танытатын, білікті, әрі ізденімпаз маман ретінде көрсетіп келеді. Емхананың қоғамдық өміріне де белсене араласады. Кішіге қамқор, білгенін үйретуден жалықпайтын өте еңбекқор маман. Өз міндеттерін орындауда ұйымдастырушылық, жоспарлау мен қызметкерлерді ынталандыра алу қабілеті бар.

Үнемі біліктілігі мен білімін жетілдіру бағытында жұмыстар атқарады. Ауруларды анықтау мен емдеудің осы күнгі әдістерін толық меңгерген, жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру мақсатында және ана, бала өлімін төмендету бойынша өз үлесін қосқаны үшін Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасы», Емхана әкімшілігінің «Алғыс хат», «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмысқерлерінің салалық кәсіптік одағының «Құрмет грамотасы», «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Алғыс» хатымен марапатталған.