Моя история

Алмас Шаяхметов

Алмас Шаяхметов

31

Октября

Культура
Участник 2019

Проголосовано

4613

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры

Шығыс Қазақстан облысы

Шаяхметов Алмас Мұратбекұлы. 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Көктал орта мектебін тамамдаған. 2004~2008 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқыды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Мұхтар Әуезов театрында актёр болып қызмет атқарады.2013 жылы Қазақстан Жастар Одағы "Серпер"сыйлығын алды. 2016 жылы"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды.

Түскен киноларым :Елбасы жолы Астана(Иманғали Тасмағанбетов рөлі),Томирис(Спитам рөлі),Қара шаңырақ(Болатбек рөлі),Әміре(Жұмат Шанин рөлі),Шалғайдағы оқиға(Қуат дәрігер рөлі),Қария(Ербол рөлі),Өмір сынағы(Бақыт рөлі),Аяулы арман(Дәурен рөлі), Жібек 2(Ерлан рөлі),Мұздағы жалын(Сағат рөлі),Аққұс(Дәулет рөлі),Парыз(СТО қызметкер рөлі),Тағдыр( Режиссёр Оператор рөлі),Аманат(Иса батыр рөлі),Анаға апарар жол(Жендет рөлі),Ұзақ жол(Бандит рөлі). Санжар Асфендияров киносында(Санжар Асфендияров рөлі).Әділет алаңы(Адвокат), Достар(Әке).

Клиптер:Жігіттер квартеті(Дүние~Керуен),Шаxизада(Есіңде барма жас күнің),Арай тобы(Өзің ғана),Қайыржан Бердібай(Даниярдың әні).

Сахнадағы негізгі рольдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Айдар (реж. Е. Обаев), С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Хасен (реж. Ә.Рахимов), Д. Исабековтің «Актрисасында» Ерлен (реж. Н. Жұманиязов), «Мұрагерлерінде» Төрехан (реж. О. Кенебаев), «Жаужүрегінде» Сүтемген («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев), Қ .Мұхамеджанов,Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанасыр тірі екенінде» Түрікмен (реж. О. Кенебаев), И. Сапарбайдың «Қыз мұңында» Дастан (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), М.Әуезовтің «Қилы заманында» Оспан (реж. Ә.Рахимов), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Жас жігіт (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Офицер (реж. Ә.Рахимов), Т.Әбдіковтің «Ұлы мен ұрысында» Ұры (реж. Е.Обаев), Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» Танат (реж. Н.Жақыпбай), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Жиренбас (реж. Т.әл-Тарази), Д.Исабековтің «Жүз жылдық махаббатында» Мағжан Жұмабаев (реж. А.Кәкішева), Ғ.Есімнің «Таңсұлуында» Жойқын (реж. А.Кәкішева), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Құтыз (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Сәбит (реж. Е.Нұрсұлтан), І.Есенберлиннің «Алмас қылышында» Қаптағай (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Төлеген (реж.Е.Нұрсұлтан),М.Кәрімнің "Айтұтылған түнінде"Ақжігіт(реж.О.Кенебаев),Гаджибековтің"Аршын малаланда"Әскер(реж.Тұңғышбай Жаманқұлов) т.б.