Өмір ережесі «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Құралбек Орынбасар және Владислав Трифонов

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Құралбек Орынбасар және Владислав Трифонов

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Құралбек Орынбасар және Владислав Трифонов

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Құралбек Орынбасар мен Владислав Трифонов еңбектері еленгеніне Елбасыға ризашылықтарын білдіреді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген тұлғалар қатарында Құралбай Орынбасар он жасында бір көзінен айрылған зағип жан болса да, қоғамда өзіндік орнын өрнектеген спорт шебері .

Тынымсыз жаттығу мен жігерінің арқасында самбодан Азия мен Еуропа чемпионы атанып, Рио-де-Жанейродағы параолимпиадаға қатысты. Бұл жетістіктерін місе тұтпай көру кемістігі бар азаматтардың арасында дзюдодан өтетін паралимпиада ойындарына лицензия да ұтып алады. Қазіргі таңда білекті шебер өз шәкірттерін тәрбиелеп отыр. Олар Гауһар Тұрмаханова, Бағлан Әбдіразақ, Сабыржан Әбілдәұлы Азия және әлем чемпиондары атақтарын егеленген.  Құралбай Орынбасар-ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы деген марапатқа  ие. Шәкірті Аманхан Өскенбаев, ағайының әр балаға бауырмал, шәкірттері үшін бар күш-жігерін аянбайтын, уақытын солар үшін сарп ететін ұлағатты ұстаз екенін, қазіргі таңда оқытушысының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп келетінін, мақтанышпен жеткізді.

Ал,  Маңғыстаулық Владислав Трифонов болса 15 жасында көз жанарынан  айрылған. Тағдырдың ауыр тәлкегіне түссе де, мойымай, үш бірдей мамандықты игеріп алған. 23 жыл бойы мануалды терапия маманы болып еңбек етіп келген. Қазіргі таңда қоғамдық қор ашып, мүгедек жандарға қол ұшын беріп, заңгерлік көмегін беріп келеді.  Ол өз саласының білгірі, сарапшысы ретінде халықаралық ұйымдардағы комиссия отырыстарына қатысып, медиация және адам құқықтарын қорғаудағы түйткілді мәселелерді шешу үшін  халықаралық деңгейге өсуді армандайтынын тілге тиек етті.

Осындай игілікті істердің ұйытқысы болып жүрген, жарымжан болса да, қиындыққа қайыспаған өр мінезді жандардың «100 жаңа есімге» кіруінің өзі де осы себеп болуы керек.. Олардың өмірі өзгелерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз.

otbasybakyty.kz