Өмір ережесі «Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Зүлфия Ғабидуллина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген ерекше жандардың бірі – жамбылдық спортшы Зүлфия Ғабидуллина.

Ол жүзуден еліміздің тұңғыш жазғы Паралимпиада чемпионы, 13 әлемдік рекорд пен 200-ден астам медальдың иегері. Әулиеаталық спортшы – мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан Қазақстанның атын дүниежүзіне танытып жүрген жігерлі тұлға. Зүлфия Ғабидуллинаны 6 жасында көлік қағып кетіп, омыртқасы мен басына ауыр зақым келеді. Содан ол мәңгіге мүгедек арбасына таңылады. Дегенмен бұл ауыр жағдайға ол мойыған жоқ. Күн сайынғы жаттығулар, оңалту курстары мен мамандардың көмегі жас қыздың өміріне спортты серік етті.

Зүлфия Ғабидуллина, жүзуден Паралимпиада ойындарының жеңімпазы:

- Спорт – менің өмірім. Мен спорттың көмегімен өз орнымды таптым, өмірімді жаңа деңгейге көтердім. Спорт еріншектерді сүймейді. Мен бала кезімнен бір орында отыра алмайтынмын, сондықтан бұл менің жаныма жақын, сүйікті ісім.  Зүлфия Ғабидуллина алғашқы жарысынан бастап-ақ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Сол сәттен оның жұлдызды шағы басталды. Алайда спортшының өмірі тек жеңістерден ғана тұрған жоқ. Ол өз жолында талай кедергіге кездесті, жарысқа баратын ақша таппай қиналған кездері де болды. Тек еңбек пен жігерінің арқасында ол барлық қиындықты жеңе білді. Ал Рио олимпиадасында Зүлфия бүкіл әлемді мойындатты. Рекорд жаңартып, елімізге тұңғыш алтын медаль алып берді.

prosports.kz