Өмір ережесі «100 жаңа есім»: Кардиохирург Беркіннің арманы адастырмады

«100 жаңа есім»: Кардиохирург Беркіннің арманы адастырмады

«100 жаңа есім»: Кардиохирург Беркіннің арманы адастырмады

Биыл мемлекет басшысыныңбастамасымен қолға алынған «100 жаңа есім» жобасының жуырда нәтижесішықты. Онда 6 сала бойынша 102 азамат жеңімпаз деп танылды. Мемлекет басшысы сол миллиондардан үздік шыққан отандастарымызбен кездесу барысында талантты жастардың көп екенін атап өтті. Оның қатарында еліміздегі ең жас балалар кардиохирургі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов та бар. Ол 2013 жылдан берітуа бітті жүрегінде ақауы бар балаларға400-денаса ота жасаған. Бүгінде Алматыдағы Палеонтология және балалар кардиохирургиясы орталығында жұмыс істейді.

«100 жаңа есім»: Кардиохирург Беркіннің арманы адастырмады
Оның айтуынша, бұл жобаның нәтижесі мен үшін күптеген жағдай болыпты. Б.Тұрқұлов «Бастапқыда жобаға қатысып жатқанымды, тіпті білмедім. Соңғы кезеңдерінде достарым байқау ұйымдастырылып жатқан сайттың сілтемесін жіберді. Бірақ 100 жаңа есімнің қатарына енемін деп мүлдем ойламадым. Біз жаңадан туылған шақалақтың жүрегіне ота жасаймыз. Сол балалардың ата-анасының қолдауының арқасында шығар, осы жобада озық болғаным. Әрине, қуанышты жағдай. Елбасын жүзбе-жүз алғаш көріп, қолын алдық»,-дейді. «Сіз «100 жаңа есім» жобасын қалай түсінесіз?» -деген сауалымызға кеіпкеріміз былай жауап берді: — Еліміздің, отандастарымыздың тәуелсіз мемлекет болғалы бері бүгінге дейін әр кәсіпте, әр мамандықта, яғни өнер, ғылым, медицина саласында істеген жұмысы, жеткен жетістігі бойынша ерекшеленген жандардың еңбегін бағалау деп түсінемін. Оның үстіне байқаудауыс беру арқылы жүргізілді. Таңдау жасалды. Біз енді сол үмітті барынша ақтауға тырысамыз.Одан кейін кейіпкеріміз жалпы хирургия қалай келгенін, қай өңірдің тумасы екеніне толықтай айтып берді. Б.Тұрқұлов«Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Мақташы деген елді мекенде дүниеге келдім. Оқушы кезімде дипломат болуды армандайтынмын. Ауылда жүргенімде соқырішек болып, кішігірім ота жасалды. Сол кезде хирург мамандығынақызығушылығым оянды. Өзге салаға ұқсамайтын керемет жұмыстың маманы деп ойлаймын. Өйткені адам өміріне араша түсу кезкелген жанның қолынан келе бермейтін тірлік. Тағы бір себеп болған жағдай, әкемнің әпкесі хирургия бөлімінде аға мейірбике болып жұмыс істейді. Мүмкін сол кісіге ұқсағым келді. Осылайша кардиохирург боламын деп армандай бастадым. Кейіннен 2013 жылы Астана медициналық университетіне оқуға түстім. Ауыл баласы үшін алғашқы жылдар қиындау болды. Әсіресе орысша сөйлеу жағы. Түсінемін.Бірақ ойымды жеткізе алмаймын. Қаланың өміріне сіңісу үшін көп оқып, көп еңбектенуге тура келді. Нешетүрлі мектеп, лицейден келген замандастарыммен теңесу үшін тырысып, талпынып, тіпті алдын орап кеткім келді. Дегенмен нақты қай салада жүргенімді 3-курсқа келгенде түсіне бастадым. Оқуымды аяқтаған соң, не жұмыс істеуің қажет, не оқу жалғастыру деген екі таңдау тұрды. «Болашақ» бағдарламасын естіп, дайындалып, құжат тапсырдым. Сөйтіп, Мәскеу қаласындағы жүрек қан тамырлар ғылыми-зерттеу орталығына қабылдандым. Дипломат болып Мәскеуге баруды армандаған кішкентай бала, осылайша медицина саласы бойынша оқуға келді. Арманым адастырмады. Медицинаның өзі дипломат секілді. Көпшілікпен жұмыс істей білу, әртүрлі жағдайдағы жандарды кездестіру. Мысалы,науқасқа ең қажет дүние қолдау білдіру. Түсіндіре алуымыз керек. Баласы қатты ауырған ата-анаға мықты болу керек екенін, не амалдар жасайтынын айтамыз. Бұған қоса, психологиялық портретін өзімізде түсіне біліп, соған қарай әрекет жасап, әңгімеге тартып, бірге отырып, баланы науқасынан айықтыруға тиіспіз. Ал оқуға келер болсам, қарапайым ауыл баласының «Болашақ» бағдарламасымен оқуға кеткені өзім үшін мақтаныш сезімін оятты. Тіпті Елбасының бізге жасаған мүмкіндігіне өзге елдің азаматтары қызыға қарайтын. Өйткені мұндай бағдарлама бізден басқа елде жоқтың қасы. Біз мұндай жақсылықты қалт жібермей, мүмкіндікті қолдан келгенше пайдалануға тырыстық. Бұл менің өмірімдегі үлкен жолдама бола отырып, көптеген бастауыма жол ашып берді. 2 жыл ішінде нәрестеден қартайған қартқа дейін жүрегіне ота жасауды игердік. Жүректі емдеуді меңгердік. Бірінші жылы теория түрінде, екінші жылы тәжірибе жинау арқылынақты бір бөлім бойынша ота жасауды үйретеді. Одан оралғасын осы Алматы қаласындағы жаңадан ашылған Палеонтология және балалар кардиохирургиясы орталығына жұмысқа шақырды»,-дейді. Бұл орталықта ота тегін жасалады. Портал арқылы тіркеліп, өз қалаған дәрігерді таңдауға мүмкіндік жасалған. Бүгінде өзге өңірлерден келіп жатқандар өте көп екен. Орталықтың жұмыс істегеніне бар жоғы 6 жыл уақыт болса да, отандастарымыз арасында өте танымал екен. Бұл әрине Беркін сияқты өз ісінің білікті мамандарының арқасында. Беркін Тұрқұлов болашақта одан да білікті маман болсам деп алдына мақсат қойып отыр. Ол «Мүмкіндігінше көптеген сәби мен балаға көмегіміз тиіп, өмірін арашалай алып қалсақ, еңбектің жемісі сол болмақ. Балаларға арналған жасанды жүректі орнату да ойымызда бар. Бүгінге дейін 400-ден аса балаға ота жасадық»,-дейді. Сөз соңында анасы жүкті кезіндебаласының жүрегінде ақау болып, ауруға шалдықпас үшін неге мән беруі керек екенін атап өтті. Беркін Тұрқұлов«Маман ретінде отбасын құрар кезде екі жас тексерістен толықтай өтуі керек деп кеңес беремін. Қазіргі уақытта инфекция көптеп тарап кетті. Содан сақтану керек. Бала пайда болмастан бұрын алдын ала шара жасауы керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Ішімдік, темекіден бас тартуы шарт. Дәрумендер ішіп, өз-өзін қалыпта ұстап, психикасын бұзып алмауында назардан тыс қалдырмау керек. Өйткені дені сау ұрпақ, ұлт болашағы»,-дейді.

 

jasqazaq.kz