Менің тарихым

Тастекеев Дулат

Тастекеев Дулат

13

Наурыз

Бизнес
Жеңімпаз 2021

Ауылдық аймақтарды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлуде.

2016 жылы Алматы облысынан қазіргі заман талабына сай «Жанұя» медицина орталығын салып, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан екі мешіт көтеріп, 2018 жылдан бері Семей қаласында Орталық мешітті салып жатыр.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында меценат Дулат Тастекеевтің демеушілігімен Екпін ауылына асфальт төселіп, ауыл кіре берісіне арка орнатылды, стандарт бойынша футбол алаңын тұрғызды.

«Туған мектеп» акциясы аясында Екпін ауылында орналасқан Ы. Кабеков орта мектебіне мұражай және тарих кабинетін жаңа заман талабына сай жабдықтады.

«Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында Ақсуат ауылында үш жыл қатарынан өз қаражатына Халықаралық ақындар айтысын өткізіп келеді.

«Тарихқа толы Тарбағатай» атты альманах-кітаптың үш басылымы жарық көрді.

Тарбағатай ауданында жыл сайын өткізілетін Халықаралық қазақша күрестен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы турнирдің өтуіне 3 жыл қатарынан қомақты үлес қосып демеушілік танытуда.

Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып табылады, мектепке тұрақты қаржылай көмек көрсетіп тұрады.

2018 жылы облыстық «Жомарт жүрек» байқауында «Туған өлке» номинациясы бойынша марапатталды.

2017 жылы еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек үздігі» құрметті атағымен марапатталды.

ҚР Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңестің «Еңбек үздігі» медалімен марапатталды.