Менің тарихым

Нұркежанов Дамир

Нұркежанов Дамир

23

Ақпан

Бизнес
Жеңімпаз 2021

Осыдан бір жыл бұрын Дамир туған қаласында робототехника бойынша оқу курстарын ашты. Қысқа уақыт ішінде оның шәкірттері ІТ-технологиялар бойынша республикалық және облыстық конкурстарда көптеген марапаттарға ие болды.
2018 жылдың желтоқсан айында «Future-IT» робототехника мектебінің негізін қалады.

2020 жылдың қараша айында Алматы облысы әкімдігінің «Көшбасшы-2020» жастар сыйлығын «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша иеленді.

2019 жылдың қараша айында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің инициативасымен ең үздік жастарға берілетін «Ел үміті» сыйлығын иеленді.

2020 жылдан бастап «CAYLA» Орталық Азия жас көшбасшылар академиясының студенті.

2020 жылдың қараша айында «USAID» АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі мен Еуразия қоры бірлесіп ұйымдастырған жас көшбасшылар байқауының жеңімпазы атанды. 2018 жылдың қараша айында Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған «Inclusive-IT» әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпазы атанды.

2019 жылдың тамыз айында республикалық «ITeachMe-2019» жобасын жеңді.

2019 және 2020 жылдары Еуропаның «Meet and Code» жобасының жеңімпазы атанды.

2020 жылдың желтоқсан айында «USAID», «Еуразия Қоры», «CSSP Central Asia», «Let's Eat», «Black Pearl» және «Bazilik» демеушілігімен алғашқы «Robosumo» робототехника турнирін ұйымдастырды.

2019 жылдың қазан айында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты Республикалық жарыста қазылар алқасының құрамында болды.