Менің тарихым

Нахбаева Гүлісхан

Нахбаева Гүлісхан

05

Наурыз

Мәдениет және спорт
Қатысушы 2021

Шахматтан халықаралық дәрежедегі гроссмейстері . 2012 жылы Түрік елі Стамбул қаласында өткен Халықаралық ФИДЕ Конргесстің шешімі бойынша осы атағына ие болдым. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.Мырзахметовтың 2012 жылғы 29 қазандағы №1-267 Өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды. Дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудағы жемісті еңбегі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп 2012 жылдың «Ең үздік спортшысы» номинациясына ие болғаны үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы жарлығы бойынша « Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл » мерекелік медалімен наградталды. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтан, Облыстық, қалалық әкімшілік тарапынан, Алған алғыс хаттары бар. Спорт саласындағы жетістіктерім: Қазақстанның тұңғыш халықаралық дәрежедегі гроссмейстері, Қазақстан әйелдерінің 7 дүркін чемпионы (2011-2014, 2017-2019 жж.), әйелдер арасында Азияның күміс жүлдегері (Чэнду, Қытай-2017), ҚР құрама командасының капитаны, Азияның 3-дүркін чемпионы (Ташкент 2007, Нью Дели 2009, Ченнай 2010), Контингент аралық (Intercontinental championship) жарыстардың қола жүлдегері (Мексика 2012), Бүкіл әлемдік олимпиадада (World Olympiad) 4-6 орын (Тромск 2014), әйелдер арасында Әлем біріншілігінде 4–орын (Астана 2013, Чэнду 2015), халықаралық турнирлердің жеңімпазы (Лондон 2011), Орта Азия чемпионы (Ош 2013), Универсиада чемпионы (Кипр 2013), Азия біріншілігінің күміс жүлдегері (Иран 2014), Евразия кубогінің жеңімпазы (Алматы 2016). Азия біріншілігінің блицтан алтын жүлдегері (Иран, Хамадан 2018).