Менің тарихым

Дуйсенбаева Малика

Дуйсенбаева Малика

21

Наурыз

Мәдениет және спорт
Жеңімпаз 2021

Ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева төртінші буындағы ұлттық нақыштағы мерекелік және заманауи киім үлгісінің сәнгері ретінде танымал.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Халықаралық көрсетілімдердің ұйымдастырушысы, Business Lady Qazaqstan республикалық байқауының тең ұйымдастырушысы.

Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Ерекше марапаттардың ішінде – «Қазақстан жыл көйлегі-2016» дизайнер атағы және 40-қа жуық қатысушы өз жұмыстарын ұсынған «Әлем көйлегі-2017» халықаралық байқауындағы жеңісі бар. Клиенттердің арасында қолөнершілер, эстрадалық орындаушылар мен түрлі конкурстарға қатысушылар, қалыңдықтар, сондай-ақ қазіргі жағдайда функционалдылық пен ұлттық талғамды бағалайтын қазақстандықтар бар.