Менің тарихым

Ділдахмет Сәкен

Ділдахмет Сәкен

21

Наурыз

Экология
Қатысушы 2021

Сәкен Ділдахмет – тәуелсіз экологиялық шолушы, қоғам белсендісі, фотограф. Еліміздің бай табиғатын, флорасы мен фаунасын сақтауды насихаттап, браконьерлікпен күресуді және экологиялық мәселелерді көтеріп жүрген салалық медиа маман. Қазақстандық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, батыстық BBC, National Geographic, Discovery, The Guardian, ARTE және басқа да ақпараттық құралдарда еліміздің жабайы табиғаты жайлы өзекті материалдарды жариялауда. Қазақстандағы браконьерлікпен күресу жұмыстарына белсенді араласып, табиғат қорғау инспекторларының жұмыстарын, әлеуметтік жағдайларын қоғамда және БАҚ-та белсенді көтеріп, заңнамаларды өзгерту жұмыстарына белсенді ат салысуда. Ақбөкендерді сақтауды, каспий итбалығын қорғауды, сексеуілді заңсыз отауды тоқтатуды, жабайы жануарларды заңсыз ату мен үй жануарларына қол көтеруді шектеу бойынша қоғамдық жауапкершілікке шақыруда. 2020 жылғы «Үркер» баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлығының иегері, «Жыл фотосуреті» номинациясы.