Менің тарихым

Байжанов Амантай

Байжанов Амантай

06

Сәуiр

Қоғам
Жеңімпаз 2021

Қостанай ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция лейтенанты.

Ақпан айында аймақтағы ауа-райының күрт нашарлауына байланысты дауыл туралы ескерту жарияланды. Жол-көлік оқиғасы орын алған Федоровка трассасына шыққан тәртіп сақшысы Қостанайға дейін машиналар легін алып жүруді өзінің борышы деп санады.

Боран салдарынан түк көрінбей тұрғандықтан және бағдарсыз қозғалу мүмкін болмағандықтан жолаушыларға жол көрсетіп, қалаға дейін 2 км жүгіріп барған.

2020 жылдың сәуір айында Амантай Байжанов серіктесі Жанболат Жаутинмен бірге өрттен 15 адамды құтқарды. Жігіттердің екеуін де күйік шалған.