Менің тарихым

Ахметжанов Қуат

Ахметжанов Қуат

04

Наурыз

Мәдениет және спорт
Қатысушы 2021

Мәдениет және ақпарат саласында тумысынан бері дикторлықты, жүргізушілікті  өзіне өмірлік серік еткен, түрлі деңгейде өткен мәдени-көпшілік шаралардың ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі ретінде танылып, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында бұқаралық ақпарат құралдарында, фейсбук, инстаграмм, ютуб әлеуметтік желілерінде қазақтың рухани-мәдени, салт-дәстүрлерін, ырым-тиымдарын, мәдениеті мен қазақтың қара домбырасын дәріптеп 5-20 минуттық бейнебаяндар түсіріп оның көркемдік мазмұнын арттыруда қоңыр дауысымен музыкалық әрлеп  айтыс, шешендік сөз өнерін халыққа кеңінен насихаттап жүр. Талай аудиоктіпатарды дыбыстап халыққа кеңінен таратуда.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерде 250 000 жуық оқырманы бар.

Мәдениет саласының үздігі.

YouTube желісіндегі «Куат Ахметжанов» арнасы 135 000 көрермен жинаған үшін күміс батырмамен марапатталған.

Инстаграм желісінде 118 000 тарта оқырманы бар.

«Поэзия жүрегімде» телеграмм каналында 12 000 жуық оқырманы бар.

Бірнеше дүркін халықаралық, республикалық көркемсөз оқушылар шеберлерінің бас жүлдегері.  Семей қаласындағы "Көркемсөз дарабозы» номинациясының,    "Сыр үміті" сыйлығының иегері. Жастарымызды шешендік өнерге баулып, әдебиетіміз бен мәдениетімізге қызығушылықтарын арттырып, дикорлық шеберлікті меңгерулеріне ат салысуда.

Еңбек жолын 2003 жылдан  2004 жыл аралығында еліміздің бас арнасы «Хабар»  телеарнасында-дубляж актері ретінде қызмет еткен;

2004-2005 жылдар аралығында Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласындағы «ТВК- 6» телеарнасының  қазақ жаңалықтарының жүргізушісі-редакторы;

2005-2010 жылдар аралығында  Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласындағы «Қазақстан – Семей» телеарнасының – «Қайырлы таң» таңғы бағдарламасының жүргізушісі;

2010-2011 - жылдар аралығында еліміздің бас арнасы  «Хабар» телеарнасында – «Таразы» бағдарламасының жүргізушісі;

2011-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Авторадио Казахстан» – редактор, жаңалықтар жүргізушісі;

2011 жылы Алматы қаласындағы «Internews Kazakhstan» ұлттық порталының «Матрица» бағдарламасының жүргізушісі қызметін қоса атқарған;

2011-2012 - жылдар аралығында ұлттық «Білім» телеарнасының «Ғажайып туынды» бағдарламасының жүргізушісі;

2013-2015  жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хабар» телеарнасының Анонстар бөлімінің және  күндізгі жаңалықтар бөлімінің дикторы;

2016-2019 жылдар аралығында –Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі;

2017-2019- жылдар аралығында Қазақстан ұлттық арнасының дикторы;

2020 жылдың 1 ақпаннан бері «BASNEWS.kz» ақпараттық-жаңалықтар агенттігінің басшысы болып елге қызмет етіп келеді.