Менің тарихым

Ізбасқан Жәния

Ізбасқан Жәния

17

Наурыз

Мәдениет және спорт
Қатысушы 2021

1975 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі; 1976-1977 жылдары медицина саласына арнайы грамоталарымен және Орталық комсомол комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Үздік» төс белгілері; «Бүкілодақтық халық шығармашылығы II және III фестивалінің төс белгісі 1973 жыл 24.VI Облыстық мәдениет басқармасының 8 «Құрмет грамотасы»; 2000 жылы «ҚР-ның Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері. Куәлік №0273; *2019 жылы ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты». * 2021 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты»; 2003 жылы «Ғибратты ғұмыр» атты кітабы шықты. «Қазақстан әйелдері» журналының бірінші мұқабасымен 2003 жылы №8, 5-6-7 беттерде, 1995 жылы №4 бірінші мұқабасмен 8-9 беттерде, 2015 жылы №7,23-26 беттерде,2017 жылдары өмірі мен еңбектері шықты. 2006 жылы «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» энцоклопедиялық кітабына енді. 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай «Ел Ардақтылары» энциклопедиясының 367 бетіне шықты. 2018 жылы «Қасиетіңнен айналайын Қызылқоғам» атты кітабы шықты. 2017 жылы Облыста өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқауда «Қанатты әйел» номинациясына ие болды. 2012 жылы Облыс бойынша 14 адамның ішінен «Жыл адамы-2012» марапатталды. 2 рет ауылдық кеңестің, 3 рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. 3 рет Қызылқоға аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы қызметтерді қоса атқарды. 1 рет Мәскеуде, 2 рет Алматыда, 3 рет Астанада өткен Қазақстан әйелдері сьезіне қатысып, биік мінберлерден сөз сөйледі. 2012 жылы Астана қаласында өткен II-III-ші Еуразиялық әйелдер самитіне қатынасты. *Мәдениет министрлігінің «Дипломы»; * «Мәдениет саласының үздік қызметкері-2012» жыл атағы; 2004 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді; 2013 жылы ҚР-ның Президентінің қол қойылған «Құрмет орденімен»; 2011 жылы «Өз кәсібінің шебері орденімен»; 2014 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Отбасылы, жолдасы Нәби дәрігер, ұл-қыздары, немере-жиендері бар.