Менің тарихым

Смағұлов Ерзат

Смағұлов Ерзат

24

Ақпан

Мәдениет және спорт
Қатысушы 2021

2007 жылы Атырау қаласында өткен «Махамбет оқулары» Республикалық байқауында «Қызғыш құс» номинациясының иегері;
2008 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Ең үздік әдеби шығарма» номинациясының иегері;
2008 жылы Астана қаласының 10 жылдығына арналған «Астана – шаттық қаласы» атты байқаудың Бас жүлдесінің иегері;
2009 жылы «Өткеннің есімін ұмытпайық» жас ақындар мүшайрасының дипломанты;
2011 жылы VII қысқы Азиада ойындарының ашылу салтанатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетовтың алғыс хатымен марапатталған;
2012 жылы «Жас көшбасшы – 2012» жастар арасында өткізілген байқауда Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі – Ермек Оспановтың тағайындаған жастар премиясының иегері;
2013 жылы «Дарынды жастар» Республикалық байқауының Бас Жүлде иегері;
2017 жылы К. Күмісбеков атындағы «Қорғалжын аудандық мәдениет үйінің 40 жылдық мерекелік төсбелгісімен» марапатталған;
2018 жылы Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени тынығу орталығының директорының Құрмет грамотасын иеленді;
2019 жылы «Рухани жаңғыру» Республикалық мақаласын жүзеге асырудағы еңбегі үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары – А. Мысырәлімованың Алғыс хатымен марапатталған; «Жырларым бар, әлі де жазылмаған» (2008 ж.), «Өмірім – өлең жолдары» (2009 ж.), «Туған күнім – мерекем» (2009 ж.),, «Анамның аялы алақаны...» (2010 ж.), «Сенің орның...» (2015 ж.) атты 5 өлеңдер жинақшасы жарық көрген.