Менің тарихым

Райымбекова Мақпал

Райымбекова Мақпал

05

Наурыз

Білім
Қатысушы 2021

2019 жылы жастар жылы аясында өткен «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың III Республикалық байқауының аудандық кезеңі  Бас жүлде иегері. 2019 жылы «Жаңа мектепке- жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың III Республикалық байқауының облыстық кезеңінде – II орынды иеленді. Шығыс Қазақстан облысы атынан Шучиньск қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің қолдауымен «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Жастар жылы» аясында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында өткен «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» III Республикалық байқауында Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинованың грамотасымен марапатталып, «Дарынды ұстаз» иегері атанды. Оқушыларды олимпиадаларға дайындағаны үшін аудан, облыс тарапынан түрлі мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталды.  2018-2019 жылдары Аягөз аудандық білім бөлімінің Мақтау грамотасымен марапатталды. 2019 жылы NIO.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтының Дүние жүзі тарихы пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының дипломы - I орын; 2020 жылы Аудан әкімі Д.Т.Оразбаев алғыс хатымен марапатталды.2019 жылы Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «Жылдың үздік жас ұстазы» атанды.