Менің тарихым

Нұркежанов Дамир

Нұркежанов Дамир

23

Ақпан

Бизнес
Қатысушы 2021

2018 жылдың желтоқсан айында «Future-IT» робототехника мектебінің негізін қалады. 2020 жылдың қараша айында Алматы облысы әкімдігінің «Көшбасшы-2020» жастар сыйлығын «Үздік жас кәсіпкер« номинациясы бойынша иеленді. 2019 жылдың қараша айында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің инициативасымен ең үздік жастарға берілетін «Ел үміті» сыйлығын иеленді. 2020 жылдан бастап «CAYLA» Орталық Азия жас көшбасшылар академиясының студенті. 2020 жылдың қараша айында «USAID» АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі мен Еуразия қоры бірлесіп ұйымдастырған жас көшбасшылар байқауының жеңімпазы атанып, 3000$ иеленді. 2018 жылдың қараша айында Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырған «Inclusive-IT» әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпазы атанып, 1 млн тг иеленді. 2019 жылдың тамыз айында «Ерекше Таңдау-Шелек» Корпоративтік қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Шеврон» конпаниясы, Орталық Азия Еуразия Қоры және ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бірлесіп ұйымдастырған республикалық «ITeachMe-2019» жобасын жеңіп, 400 000 теңге ұтысқа ие болды. 2019 және 2020 жылдары Еуропаның «Meet and Code» жобасының жеңімпазы атанып, жалпы соммасы 900 евро иеленді. 2020 жылдың желтоқсан айында «USAID», «Еуразия Қоры», «CSSP Central Asia», «Let's Eat», «Black Pearl» және «Bazilik» демеушілігімен өзіміздің алғашқы «Robosumo» робототехника бойынша турнирімізді ұйымдастырды . 2019 жылдың қазан айында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты Республикалық жарыста қазылар алқасының құрамында болды.