Менің тарихым

Мұсаев Талғат

Мұсаев Талғат

04

Наурыз

Мәдениет және спорт
Қатысушы 2021

Нұр-Сұлтан қаласы. Мусаев   Талғат Қостайұлы- Мәдениет қайраткері, «Менеджмент» магистрі (үздік диплом), Мемлекеттік қызметте 28 жыл өтілі бар.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы» мен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру және ауыстыру, жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қаулысын қабылдауда негізгі жауапты орындаушы ретінде жұмыс тобын басқарып, Заң  жобасын қабылдауға дайындаған.

1998-2002 жылдар аралғында Қызылорда облысы Жалағаш аудандық Ішкі саясат бөлімі, Мәдениет бөлімін басқарған кезде Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 100 жыл толуы мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданының 60 жылдығын республикалық деңгейде өткізудің ұйымдастырушысы, «2000 жыл –Мәдениетті қолдау жылы» аясында 1 аудандық Мәдениет Үйі мен 12 ауылдық клубтарға күрделі жөндеу  жұмыстарын  жүргізіп, жаңа музыкалық аппаратуралармен  қамтамасыз етілуіне  үлес қосқан. Мәдениет Үйіне қарасты «Алтын-арай», «Қызғалдақтар» ән-би ансамблінің республикалық деңгейде «Халықтық» атағын қорғауға басшылық жасап, 2 мәдени қызметкердің тұрғын үй алуына көмегін тигізген. Демеушілерді тарта отырып, аудандық Мәдениет үйіне 1 газель автокөлігін алу жұмыстарын ұйымдастырған. Жалағаш ауданындағы экономикасы тоқыраған Жаңадария,  Далдабай ауылында клуб, кітапхана ашып, музыкалық аспаптармен, сахна жабдықтармен қамтамасыз етіп мәдени саланың жандануына үлкен үлес қосқан.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті Қоғамдық-саяси жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өзара іс қимыл басқармасының бөлім бастығы ретінде ІҮ Азаматтық форум, ХІҮ Қазақстан халқы Ассамблеясы, республикалық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасап,Білім және ғылым министрлігінде қызмет атқанғанда: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығын тағайындау, «Біз жеңістің – мұрагерлеріміз» халықаралық конференциясы, жас тілшілердің «Қаламгер азамат» форумы,Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің «Одақ-2009-Қазақстан» жастар әскери-спорттық бірлестіктері командаларының жиыны, «Жастар жалыны-Отанға, Жомарт жүрегі - жастарға» жалпықазақстандық форумын ұйымдастыруға ат салысты.

 Рәмізтанушы ретінде 2007 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік рәміздерді пайдалану жөніндегі жұмыстарға методикалық көмек құралын шығарған. 2008 жылы Тараз қаласында Елбасымыздың қатысуымен өткен «Менің Қазақстаным» республикалық акциясында 3200 студенттермен бірігіп қойылған театрландырылған көрініс республикада «Үздік жоба» деп танылып, «Мәдениет қайраткері» иесі атанды. Қайырымдылық көрсету және жомарт азамат ретінде Астана қаласындағы SOS балалар ауылындағы №5 үйде тәрбиеленіп жатқан 10 жетім балаларды қамқорлығына алып, ұдайы шефтік көмек көрсетіп келеді.

«Туған жер-алтын бесік» жерлестер акциясы аясында туған ауылы Шәменов ауылында жыл сайын білім  мен спорт, мәдениет саласында жетістікке жеткен 10 үздік  оқушыға «Түмен әулие» атындағы арнайы стипендия тағайындап марапаттап келеді. Жақындарының қамқорлығынсыз құжатсыз көше қалған Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал кенті тұрғыны  1956 жылы 1 мамырда дүниеге келген Ибраев Төлеутайға құзырлы органдарға жүгіне отырып жеке куәлігін алуға көмегін беріп, таза киімдермен азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсеткен. 

Алған марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің ел Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай мерекелік медалімен, «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен, Елбасының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен, Ауғаныстан жерінен Кеңес солдаттарының шығарылғанына 20 жыл толу, биыл 30 жыл толуына орай мерейтойлық медалдарімен, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа 15 жыл толуына орай мерейтойлық белгімен, «ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 20» мерейтойлық медалімен, «ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан полициясына-20 жыл»,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Кітаптары: «Қазақстан Мемлекеттік рәміздері», «Қазақтың хас батырлары», «Жалағашым- жасыл бағым», «Бұқарбай батыр», «Тұғыры биік тұлға», «Дауылпаз баба-Қожаберген», «Генералдың бекзат бейнесі» кітаптарын құрастырушы ретінде оқырманға танылған.