Менің тарихым

Болатов Мұратжан

Болатов Мұратжан

05

Наурыз

Қоғам
Қатысушы 2021

 2012 жылдан бастап Ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы, полиция майоры қызметін атқарады. Органдардағы қызмет кезеңінде қылмыстарды ашуға елеулі үлес қосты, оның басшылығымен 2020 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кісі өлтіру мен зорлауды 100% ашуға қол жеткізілді. Бірнеше рет Ақтау қаласы Полиция департаментінің басшылығымен және Полиция басқармасымен марапатталды. 2018 жылы «Жас маман» сыйлығына ие болып, Ақтау қаласы әкімінің бағалы сыйлығымен марапатталды. Каратэ-додан спорт шеберіне үміткер дәрежесі бар, қара белбеу, 1 дан. ТМД Кубогының күміс жүлдегері (2008), Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше дүркін абсолютті чемпионы.