Менің тарихым

Женисбек Тынкозиев

Женисбек Тынкозиев

23

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

2345

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясы

Нұр-сұлтан қ.

2010 жылдан бастап дәрігер-эндоскопист,  кәсіби практикалық дағдыларын РФ, Германия клиникалары негізінде  дамытты. "Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы" АҚ негізінде 2011 жылдан 2015 жылға дейін  жаңа Эндоскопиялық диагностика және асқазан-ішек жолдары органдарын емдеу әдістерін енгізді. Қазіргі кезде оны аймақтардағы дәрігерлер кең қоданып жүр.

2016 жылы ҚР эндоскопиясын дамытуға қосқан үлесі үшін Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына шақырылды. 2018 жылы денсаулық сақтауды дамыту және ҚР-да диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізу мемлекеттік тапсырысы аясында Израильде "EBUS бақылауымен өкпенің эндоскопиялық трансбронхиальді биопсиясы"тақырыбы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.
Қазақстанға оралғаннан кейін, қысқа мерзім ішінде "Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК базасында әлемдік медицинада жаңа бағыт енгізді, мұнда қазіргі таңда бірегей аз инвазивті операция жүргізіліп жатыр (бір жыл ішінде кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзаларының түзілуінің трансбронхиалды биопсиясының 40-қа жуық технологиясы орындалды).

2018 жылдың желтоқсан айында "ҚР Денсаулық сақтау жүйесіндегі Инновация" халықаралық форумына баяндама жасап, ҚР ПІБ МО басшысы м. ғ. д. профессор В. В. Бенбериннен елде бірегей медициналық әдістемені енгізгені және дамытқаны үшін грамотаға ие болды.
 2018 жылдың қаңтар айындаол басқарған бір топ дәрігер   Нұр-сұлтан қаласының дельфинария бассейнінде, эндоскоп көмегімен Қазақстан Республикасында бұрын-соңды болмаған ота жасап,  екі жасар дельфиннің өмірін құтқарып қалды.