Менің тарихым

Жанболат Таласбай

Жанболат Таласбай

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

159

Аса ауылы мәдениет үйі

Жамбыл облысы

ТАЛАСБАЙ ЖАНБОЛАТ НҰРБОЛАТҰЛЫ – 1992 жылы 13 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысы Шымкент қаласында өнерлі отбасында дүниеге келген. Ата-анасының қоныс аударыуна байланысты 1998-2010 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №42 орта мектепті тәмамдаған. Жанболат 2000-2009 жылдар аралығында таеквондо және каратэмен шұғылданған. 2004-2009 жылдар аралығында спорт саласында көптеген жетістіктерге жеткен. Мәселен, 2007 жылы – облыстық каратэ жарысынан 2орынды, 2008 жылы – республикалық 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы жарыстан 1орын иеленген.

Нәтежесінде 2009 жылы каратэдан қара белбеу иегері атанған. Жамболаттың спорттық жарыс жолдарындағы бұдан өзге де жеңістері жетерлік. Алайда, ата-анасының өнеріне ерте сусындап өскен Жанболат 2008 жылдан бастап өнерге бет бұра бастаған. Ол, 2008-2012 жылдар аралығында ТарМУ-нің көпсалалы колледжінде «Актерлық шеберлік» мамандығы бойынша білім алған. Колледж қабырғасында жүріп «Жыр-Думан» вокалдық дуэтінде өнер көрсетіп, облыс аудандары мен орталықтарында және республика сахналарында өнер көрсеткен.

Аталған колледжді аяқтаған соң еңбек жолын 2012 жылдан бері Аса ауылындағы мәдениет үйінде мәдени жұмыстар ұйымдастырушысы қызметінде жалғастырып келеді. Жанболат 2010жылы – Ш.Қалдаяқовтың 85 жылдығы және Н.Тілендиевтің 90 жылдығына арналған және 2010 жылы облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен өткен ретро әндер конкурстарының бас жүлделерін иеленген. 2018 жылы Астана күніне орай өткізілген байқаудан бас бәйгені қанжығалаған Жанболат дәл осы жыл «Жас қанатқа» жолдама ұтып алған.

Республикалық «Жас қанат» ХХVII жас орындаушылар байқауында Астана қаласы әкімінің арнайы жүлдесін иеленген. Сондай-ақ, 2019 жылы «Жаңарған Жамбылым» атты эстрада әншілері байқауының 2орынына қол жеткізді. Жанболат алдағы уақытта да көптеген жарыстарға қатысып, тек республика емес әлемдік деңгейдегі сахналарды бағындырам дейді. Оған Жанболаттың шығармашлық қабілеті мен музыкалық сауаты жетерлік. Жанболатқа аллдағы сынақтардан сүрінбей, байқауларда бабы мен бағы қатар жансын деп тілейміз. Себебі, ол қазіргі кездің өзінде өз орталары мен байқау сахналарында және барлық іс шараларда жанды дауыста ән айтады. Бұл ол үшін дәстүрге айналған.