Менің тарихым

Жанат Жакупов

Жанат Жакупов

31

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

2

"Болашақ біздің қолымызда" корпоративтік қоры

Ақмола облысы

"Болашақ біздің қолымызда" корпоративтік қорын жұмысын 2009 жылыдан бастап бастаған болатынбыз. Қордың негізгі мақсаты халыққа медициналық және әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Оның ішінде нашақорлықтың алдын алу шаралары, жүрек-қан тамырлары аурулардың алдын алу, онкологиялық аурулардың алдын алу сияқты Ақмола облысы бойынша халықпен жұмыстарды атқарып жүр.

Он жылдың ішінде ондаған әлеуметтік маңызы бар шараларды атқардық. Ақмола облысының жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлесін қосқан үшін 2011 жылы Азияда алаугері ретінде Ақмола облысы атынан қатыстым. 2014 жылы қоғамдық саяси өмірге белсенді қатысқаны үшін Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атынан мақтау қағазы берілді. 2017 жылы жастар арасында нашақорлыққа қарсы белсенді жұмыс атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірі Қ.Қасымовтың атынан мақтау қағазы берілді. Ақмола облысының қоғамдық кеңесінің мүшесімін.