Менің тарихым

Ерәлі Әшір

Ерәлі Әшір

31

Қазан

Бизнес
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1174

«Шарбұлақ» өндірістік кооперативінің төрағасы

Түркістан облысы

2012 жылы Қазығұрт ауданының әкімі тарапынан Ауданның ауыл шаруашылығы саласы жолында сүбелі үлес қосқаны үшін «Жылдың үздік жас агрономы» номинациясымен марапатталды. 2012 жылы «Алтын күз» мерекесінде Қазығұрт ауданының әкімі тарапынан «Шарбұлақ» ӨК шаруашылықтағы асыл тұқымды мал басын көбейтіп, әр 100 аналықтан 102-ден қозы, әрбір бас қойдан 5 кг жүн қырқып, ауданымыздың мал шаруашылығын өркендетуге қосқан сүбелі үлес үшін алғыс хат алды. 2013 жылы «Алтын күз» мерекесінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тарапынан «Озат биязы жүнді қой өсіруші» сертификатымен марапатталды. 2013 жылы «Қазығұрт диханы» жай серіктестігінің төрағасы етіп сайланды.

2014 жылы «Алтын күз» мерекесінде Қазығұрт ауданының әкімі тарапынан Елбасымыздың ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі сарабдал саясатын іске асырудағы нәтижелі еңбек пен еліміздің өркендеуіне негіз болар байлығымызды молайтуға қосқан сүбелі үлес үшін алғыс хат алды.

Қазақстанның педагогикалық академиясы кәсіпкерлік және менеджментті сараптау бөлімі жанынан құрылған кеңестің 2018 жылдың 14 мамырдағы №06 шешіміне сәйкес "I дәрежелі Білікті басшы" төсбелгісімен марапатталды. Тәлімі егін егуде оңтүстік жер жағдайына тиімді нолдік технологияны (бидайды, жоңышқаны тиімді себу) енгізді. 2018 жылы Оңтүстік қазақ мериносының «ҚАЗЫҒҰРТ ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ»-ін ойлап тапты.