Менің тарихым

Тұрар Түгелұлы

Тұрар Түгелұлы

27

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1858

Kazislam.kz ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі

Қызылорда облысы

Білімі: жоғары, тарихшы, дінтану ғылымының магистрі. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. - 1989-1999 жылдары Қармақшы ауылындағы №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебін аяқтаған. - 2000-2001 ж.ж. Түркістан қаласындағы «А.Ясауи» атындағы құран курсы; - 2001-2002 ж.ж. Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің «Араб тілі және Дінтану» факультетінде білімін жетілдіру; - 2003-2006 ж.ж. Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжі; - 2005 ж. Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтын 4 айлық курсы; - 2008-2011 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, тарих бакалавры; - 2014-2016 ж.ж. - Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Дінтану ғылымының магистрі.

Еңбек өтілі: 1999 (28.09) – 2000 (23.08) ж. «Әмит-ишан» мешітінің бас имамы (Қармақшы ауылы); 2002 (25.11) – 2003 (17.04) ж. «Әмит-ишан» мешітінің бас имамы (Қармақшы ауылы); 2003 (01.05) – 2004 (07.10) ж. Қызылорда қаласындағы «Ыбырайым молда» мешітіде ұстаз; 2004 (11.01) – 2005 (04.11) ж. Жосалы кентіндегі «Ораз-Мұхаммед» мешітінің бас имамы; 2007 (17.01) – 2008 (24.10) ж. Облыстық орталық «Айтбай» мешітінің наиб имамы; 2008 (25.11) – 2010 (03.05) ж. Қызылорда қаласындағы «Ислам» қорының атқарушы директоры; 2009 (01.09) – 2011 (30.12) ж. «Самұрық» ИИДО» қоғамдық қоры жанындағы Қызылорда облысы бойынша діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі; 2011 (01.03) – 2014 (06.01) ж. «Сырдария-Руханият» қоғамдық қорының президенті, Республикалық рухани-танымдық, діни «Нұр» газетінің бас редакторы; 2014 (13.01) – 2014 (11.09) ж. «Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесінің директоры; 2014 (17.11) – 2017 (27.10) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, бас ғылыми қызметкері, (Нұр-Сұлтан қ.). 2017 жылдың (03.11-17.01.2018) ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-ның Талдау жұмысы бөлімінің басшысы. 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі жанындағы «KAZISLAM» ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы.

Еңбектері: 1. Мәзһаб туралы таным, Қызылорда, 2011, – 158 бет; 2. Зекет береке бастауы, Қызылорда, 2011, – 38 бет; 3. Бірлік.Келісім.Бейбітшілік, Қызылорда, 2012, 152 – бет; 4. Имам Ғазалидің «Дін ғылымдарының қайда жандануы» аударма кітаптың жалпы редакциясын басқарған, Астана, 2017, – 708 бет; 5. Исламдағы діни-құқықтық жүйе. Астана, 2014. – 69 бет; 6. Имамға көмекші (бірлескен авторлықпен). Астана, 2015, – 262 бет; 7. Өңірлердегі діни ахуалды зерделеудің теориялық және тәжірибелік әдістері: Әдістемелік ұсынымдар (бірлескен авторлықпен). Астана, 2015. – 50 бет; 8. Қазақстан өңірлеріндегі діни ахуалды зерделеу нәтижелері: Сараптамалық талдау (бірлескен авторлықпен). Астана, 2015. – 67 бет. 9. Дін саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі материалдар жинағы (бірлескен авторлықпен). Астана, 2016. – 51 бет; 10. Қазақстан өңірлеріндегі діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жайлардың қызметін зерделеу нәтижелері: Талдамалық шолу (бірлескен авторлықпен). – Астана, 2017. – 38 бет. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі құндықытар тақырыбында 50-ден астам мақаланың авторы.

Жетістіктері: - ҚР Журналистер одағының мүшесі; - өңірдің этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтауға қосқан үлесі үшін Қызылорда облыс әкімінің 2013 жылғы степендияты;

Әржылдары: - Қызылорда облысы прокурорының; - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының; - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің; - «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ басшысының; - Астана қаласы әкімінің және тағы да басқа бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.

Қосымша мәлімет: - ҚР Журналистер одағының мүшесі; - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті жанындағы Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі; - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.