Менің тарихым

Батыржан Ибрагим

Батыржан Ибрагим

28

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1706

"Хабар" Агенттігі

Нұр-сұлтан қ.

«Жолым болған кезде – бұл бұрынғы жасаған істерімнің берекесі деп білемін. Сондықтан, қолымнан келген көмекті ешқашан аянып қалмаймын». Бұл «Хабар» Агенттігі» АҚ Арнайы жобалар бөлімінің шеф-редакторы Батыржан Ибрагимнің өмірлік ұстанымы. Біреудің алғысын алу, қайырымдылық жасау, жанашырлық таныту – тәрбиеден басталады. Сондықтан өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамда жастарды жақсылық жасап жарыстырып, ал үлкендердің «алғысына бөленіп, батасын алғаннан» асқан шарапат жоқ дейді ол. Содан да болу керек, Батыржан мектеп қабырғасында жүріп қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, кейіннен университет атынан көптеген игі бастамалар мен іс-шаралардың басы қасында жүрген.

Қалалық, облыстық деңгейде ұйымдастырылатын барлық шараларда Батыржанның аты аталып, Қызылорда жұртшылығы оны кеңінен танып үлгерді. Ибрагим Батыржан Жүсіпбекұлы 1988 жылы 9 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы қаладағы №120 Ж.Жабаев атындағы қазақ орта мектебін аяқтайды. Сол жылы Қорқыт Ата ат. Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына грант негізінде оқуға түседі. 2006-2008 жылдары Физика-математика факультетінің студенттік деканы. 2006 жылдан «Ұлағат» қоғамдық бірлестігіне мүше болып, жазғы тынығу лагерлерінде жұмыс жасап, 2007-2008 жылдары сол қоғамдық бірлестіктің төрағасы болды. 2008-2010 жылдары «Облыстық жастар орталығының» менеджері. 2011 жылдан «Ақиқат Айнасы» жастар пікір-сайыс қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 2012 жылдан «Қызылорда жастары» Қауымдастығының атқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2012 жылы «Хабар» Агенттігі АҚ «Бағдарламалар өндірісі дирекциясының» администраторы, 2013 жылы қонақ жөніндегі редакторы, 2014 жылы «Арнайы жобалар қызметінің» интернет-редакторы. Қазіргі уақытта «Хабар» арнасындағы Арнайы жобалар бөлімінің шеф-редакторы. Ютубта «Әдемі бағдарлама», «ТәрбиеLike», «Banka show» бағдарламаларының жүргізушісі. Жас та болса, жеке жұмысымен қатар, ол қайырымдылық шараларын да жиі ұйымдастырып тұрады. Бүгінде талай отбасын өз қанатының астына алып, олардың баспаналы болуына зор септігін тигізіп жүр. Әлеуметтік желілерде де белсенді. Оқырмандары арасында да «жақсылыққа жаны құштар» жандардың басын қосып, көптеген игі бастамаларды өткізіп жүреді. Мысалы өткен Наурыз мерекесінде екі отбасыға «Хабар» Агенттігінің атынан 600 мың теңге көлемінде ақшалай жәрдем жасауды әріптестері болып ұйымдастырған еді. Осылайша, бүтін бір отбасына көмектесіп, олардың батасы мен алғысын алды. Және бұл бір ғана мысал... Батыржан Жүсіпбекұлы бүгінде 3 баланың әкесі. Отбасының тірегі, қамқоршысы. Сондай-ақ... Алматы қаласында Халықаралық «Біз ардагерлер мұрагері» атты форумда РФ Армия генералы В.Ф.Ермаковтың кеуде наградасын, Республикалық «Бірлігіміз жарасқан» ІV Қазақстан патриоттар форумының медалін, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ “Үздік түлек” медалін, Хабар арнасының Құрмет грамотасын және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің алғыс хаттарын алған.