Менің тарихым

Алмагул Өтешова

Алмагул Өтешова

31

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

3025

Ақтөбе облысы

Өтешова Алмагул Қайырғалиқызы, 2002 жылы Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетін үздік дипломмен аяқтап, Қазақ-Орыс Халықаралық университетіне оқытушы қызметін бастады. 2014 жылы «Құқықтану»  мамандығы бойынша магистатура бөлімін оқып шықты. Швейцарияның  Монтре қаласындағы  Еуропалық университетінде докторлық диссертациясын қорғады. 2012 жылы DBA, іскерлік басқару докторы атағына ие болды.  Қазіргі таңда ғылыммен айналысып, жүздің үстінде ғылыми баяндамалар мен жобалар жасаған. 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдар тізіміндегі жарияланған мақалалар саны оннан асады,
«Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңыздылығы», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің даму жағдайы, Ақтөбе облысындағы шағын бизнестің даму көрсеткіштері, «Modern state and tendencies of development of the agroindustrial complex of Kazakhstan» атты ғылыми жариялымдар жарияланған.

2019 қазан айында ҚР Педагогикалық және инновациялық технологиялар Халықаралық Ғылым Академиясының "Асыл ұстаз" төсбелгісінің лауреаты. "Өрлеу "біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамынан оқу және ғылыми жетістіктері үшін алғыс хатпен марапатталды, 2019ж.

"Практические аспекты ведения бизнеса в Казахстане и «Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау», «Инновациялық менеджмент», «Бизнесті мемлекеттік реттеу», «Лизинг», «Шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектілерінің қызметін құқықтық реттеу» атты оқу құралдарын жарыққа шығарған. Қазіргі таңда оқу құралдары кітапханаларда студенттер мен магистранттардың қолданылуына берілген.

Аймақтық, республикалық,  халықаралық деңгейдегі ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысып, 107 баяндамасы жарыққа шыққан. Сонымен қатар, жыл сайын студенттерге тәлімгерлік ете отырып,  ғылыми жобарға қатысып, жүлделерге ие болды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың ішінде  Челябинск,  Уфа қаласы, Башкирия, РИНЦ Warszawa, Polska,  Махачкала қаласы, Ресей, Барнаул қаласында өткен конференцияларға қатысып,  ғылыми мақалаларын жариялаған. «Small and medium bisness» атты мақаласы импакт – фактормен «Financial Management Research»  журналда жарияланды.

Барлық еңбек еткен жылдарда қырықтан аса біліктілігін арттыру курстарына қатысқан. 2014 жылы шетелдік халықаралық  стажировкадан  Швецария, Женева қаласынан өтті. Біліктілігін арттыру курстарына белсене қатысып тәжірибе жинап отырудан жалыққан емес.

Алмагул Қайырғалиқызының «Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері» атты мақаласына Халықаралық біріккен Ғылымдар Академиясынан авторлық құқық 2019 жылдың ақпан айында халықаралық патент берілді. Еңбек өтілі -17 жыл. Осы 17 жыл ішінде ғылым мен білім саласына сіңірген еңбегі зор жас оқытушы. 2014 жылы Қазақ – Орыс Халықаралық университетінің доценті атағы берілді.

Жас маман әлі көптеген студенттерді ғылымға жетелейтіне сеніміз мол. Сонымен бірге төрт бала тәрбиелеп отырған ана.