Менің тарихым

Шыңғыс Әділғазыұлы

Шыңғыс Әділғазыұлы

31

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1258

Семей қаласы Ядерлік медицина және онкология орталығы

Шығыс Қазақстан облысы

"Мектепте білімімді тәмамдаған сәтте-ақ, мен өзімнің болашақ мамандығым, менің кәсіби іс-әрекетім Қазақстан қоғамына пайда әкелу керек екендігін, мен өзімнің адамдарға көмектесуге міндетті екенімді білдім. Нәтижесінде дәрігер мамандығын таңдадым" - дейді Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының онкохирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина магистрі Шыңғыс Әділғазыұлы. Жас және болашағынан үлкен үміт күттіретін дәрігер Шыңғыс Әділғазыұлы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында 1990 жылы дүние есігін ашқан. Үйдің де ұлдың да кенжесі Шыңғыс зиялы мұғалімдер отбасынан.

Бір қызығы оның бірге туған ешбір туысы өз өмірін медицинамен байланыстырмаған, бірақ Шыңғыс отбасында бір дәрігер болу керек деп шешіп, нәтижесінде, Қапанбұлақ ауылы орта мектебінің 2007 жылғы жас түлегі Семей қаласының мемлекттік медициналық университетінің студенті атанады. 2014 жылы "Хирургия" мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген жас маман Қатон-қарағай ауданына жол тартып, аудандық ауруханада хирургиялық міндетіне кіріседі.

Бір жылға жетер-жетпес уақытта өз тәжірибесінде ауылдық жерде "дәрігер" тікелей мамандығына тәуелсіз екенін ұғады, себебі дәрігер маманы - әр түрлі түйінді мәселелерін айтып келетін ауыл тұрғындары үшін әмбебап дәрігер. Қысқа уақыттың ішінде дәрігер-хирург тұрғылықты әйелдерді босандырып, балаларды емдеп, инфарктың алдын алған, отбасылық дәрігердің рөлінде де қызметтер атқарған. Шыңғыс Әділғазыұлы 2015 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығында қызметін жалғастыруда. Осы уақыт аралығында хирург кеуде, құрсақ қуыстары және басқада ағзаларға жүздеген оталар жасап келеді. Оның емделушілері - атауы жаман дерт "ісік ауруларына" шалдыққан 18 жастан асқан еміне шипа іздеген жандар.

Шыңғыс - салауатты өмір салтын насихаттаушылардың қатарынан. Өзінің тығыз уақытына қарамастан кешкілік жүгіруге шығады, спорт оған төзімді әрі жүйкелік тұрақтылықты ұстап тұруға үлкен көмегін тигізеді. Өйткені, өлім мен өмірдің арасында жатқан жандарға ота жасау 6-7 сағатқа дейін созылады. Онкохирург болу үшін - өмірінің көп бөлігін жұмыста өткізу және жұмыспен өмір сүру деген сөз. Өзінің емделушілеріне тек дәрігер ғана емес доста, кей кездері психологта бола білу керек. Сондықтан да өз жеке уақытымен санаспай жексенбі күндерінің басым көпшілігін ота жасалған жандардың төсегінің жанында жағдайын бақылаумен өткізеді. Сондай-ақ, маман иесі өзінің біліктілігін жетілдіруге көп көңіл бөледі. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Польша, Варшава қаласы медициналық орталықтарында үш айлық тағылымдамалардан өтіп келді. Мемлекет ішінде өткізілетін семинарлардың, шебер-сабақтарының (мастер-класс) қатысушысы болып табылады.

Қазіргі таңда ол ашық және кішіинвазивті хирургиялық ота әдістерін меңгерген. Қоржынында көптеген құрмет марапаттарымен алғыс хаттарыда аз емес. Мәселен, жас маман 2018 жылы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының алғыс грамотасына лайық деп табылса, 2019 жылы министр Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасымен марапаттады. Қолы босаса сүйікті ойыны шахмат ойнап, медициналық қызметкерлердің арасында қалалық және облыстық сайыстарда сыйлы орындарға ие болған онкохирург жас маман, онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Ш.Әділғазыұлы сенімді серік бола білген аяулы жарымен үш қызды тәрбиелеуде.