Менің тарихым

Олжас Онгарбеков

Олжас Онгарбеков

31

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

379

Алматы қалалық Жедел Шұғыл Көмек көрсету Ауруханасы

Алматы

 Оңғарбеков Олжас Омарович 2008-2013 аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім алып, осы білім ордасының "Жалпы Медицина" факультетін бітіріп қолына жоғары білімді дәрігер деген дипломын алған. 2013 – 2015 жыл аралығында интернатура "Жалпы тәжірибедегі дәрігер" мамандығын иеленген. 2015-2018 жылдар аралығында Алматы қаласында Қазақ Үздіксіз Білім Беру Университетінде Қалалық Орталық Аурухананың урология бөлімінде уролог андролог мамандығын игерді. 2017 жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясындағы «Вестник Науки и Образования» журналында «Еуропа мен Орталық Азиядағы Ерлер дисфункциясы» тақырыбында публикациясы жарияланды.

2016-2018 жылдар аралығында Алматы қаласындағы профессор Рузидиннов атындағы стоматологиялық медициналық колледжінде оқытушылық қызметін атқарған. 2018 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасында жұмыс істеп келеді. Екінші дәрежелі уролог -дәрігері, сонымен қатар білікті андролог маман. Жергілікті Жетісу телеарнасында 29.11.2018 ж білікті уролого маманы ретінде «Ерлер бедеулігі» тақырыбында интервью берген. 2019 жылдан бастап Алматы қалалық Жедел Шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлімінің шұғыл уролог дәрігері қызметін атқаруда.Жұмыс барысында күнделікті қиын деңгейдегі шұғыл жағдайлар бойынша науқастарға операциялық және жоғары медициналық көмек көрсетеді. Өзін үнемі білікті маман, қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсетіп келеді.

Бірнеше Құрмет грамотасымен, ерен еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталған. Аурухананың қоғамдық өміріне белсене ат салысады,Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің кубогы үшін медицина қызметкерлері арасында өткізілген волейболдан аудандық турнирде ІІІ орынды жеңіп алғаны үшін марапатталды. 2019жылы ҚазҮББУ - «Урологиядағы эндоскопия әдістері»циклы бойынша біліктіліктерді арттырып, аурухананың дамуына үлесін қосып келеді. «Нұр Отан» партиясының «Жастар қанатының» белсенді мүшесі.