Менің тарихым

Нуржан Казбеков

Нуржан Казбеков

09

Қазан

Спорт
участник 2019

Казбеков Нуржан Жумабаевич 1981 жылдың қаңтар айының 28-і күні Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Рахат ауылында дүниеге келген. Жастайынан спортқа әуестігі болды, ең алғаш спортты 14 жасында самбо күресінен бастады және әлі күнге дейін спортшыларды дайындап қана қоймай өзі де шұғылданып айтарлықтай жеңіске жетіп жас спортшыларымызға үлгі болуда. Атап айтқанда самбо күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 2018 жылы Морокко (Касабланка) қаласында өткен самбо күресінен шеберлер арасында әлем чемпионы атанды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен дзюдо күресінен және самбо күресінен Түркістан қаласында өткен шеберлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. Самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен ұлттық дәрежедегі төреші.