Менің тарихым

Нұрзат Сабиров

Нұрзат Сабиров

31

Қазан

Спорт
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

84

Кәсіпқой боксшы

Түркістан облысы

Мектеп қабырғасында оқып жүріп облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда І-ші және жүлделі орындарға ие болды. 11-ші сыныпта олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық жарыста чемпион атанып, Қазақстан Республикасының Спорт Шебері нормативін орындады.

Нұрзат Алматы қаласында өткен Менгерей Хайруддиновты еске алуға арналған Халықаралық жарыста І-орын, Литваның астанасы Вильнюсте өткен олимпиада чемпионы Дано Позднияканың жүлдесіне арналған Халықаралық жарыста ІІІ-орын, Ташкент қаласында өткен Сидней Джексонды еске алуға арналған Халықаралық жарыста ІІ-орын, Малайзияда өткен Халықаралық жарыста І-орын, Орал қаласында өткен Асқар Күлібаевтың жүлдесіне арналған Халықаралық жарыста ІІ-орын және Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында І-орынды жеңіп алды.

Нұрзат ОҚО бойынша бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионатының тұңғыш чемпионы. Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-ші орын иегері, 2015 жылғы Қырғызстан Республикасында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы. 2017 жылы кәсіпқой боксқа ауысып 10 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Спорт шебері.