Менің тарихым

Айдын Нурбеков

Айдын Нурбеков

02

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1261

Қарағанды ​​облысы

Нұрбеков Айдын Аманбекұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург, колопроктология бөлімшесінің меңгерушісі. Қазақстанның және шетелдің медицина мамандарының ортасында ол туралы бірден бір мықты колопроктолог дәрігер, талантты дәрігер, өз ісінің хас шебері деген лебіздерді естуге болады. 20 жылдан бері колопроктологиялық ауруларды хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін белсенді енгізіп келеді, операция жасаудың сан қырлы әдіс-тәсілдерін меңгерген. Бүгінгі күні А.А. Нұрбеков колопроктология саласындағы жетекші мамандардың бірден бірі. Өзінің осы бір кәсіби жолында дәрігер 5000 артық оталар жасады. Бұл тізімдеге ерекше пластикалық оталар жасауды қажет ететін аналді инконтиненция, ректовагиналді жыланкөз сияқты әлеуметтік маңыздағы аурулармен науқастанғандар тізімі ерекше орын алады. А.А. Нұрбеков Қарағанды облысында бірінші болып ойық жаралы колит және Крон ауруының арнайы емес ауыр түрлерімен науқастанғандарды емдеуге арналған биологиялық терапияны енгізді. Осындай жаңалықтарының арқасында науқастар өмірінің сапасын жақсартып және көптеген науқастардың ауыр операцияларға түсуінен сақтап қалды.

2018 жылдан Айдын Аманбекұлы ҚОДБ жанындағы хирургиялық қызмет бойынша координациялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Қарағанды облысында хирургиялық қызметті ұйымдастыруға белсенді қатынасып келеді. А.А. Нұрбеков жаңалыққа жаны құштар өнертапқыш жан. Ол денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа ғылыми зерттемелерді кеңінен енгізіп келеді. 170 артық баспа жұмыстарының, 5 оқу – әдістемелік жиынтықтардың, өнертапқыштық бойынша 7 патенттің, 3 зиянкерлік меншік куәлігінің авторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесін енгізудің 32 актісі алынған.