Менің тарихым

Нұрай Жанаева

Нұрай Жанаева

10

Қазан

Ғылым
участник 2019

еспубликалық «Үздік студент-2018» байқауының жеңімпазы. 2018-2019 жж. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың үздік студенті. 2017-18 оқу жылы және 2018-19 оқу жылы бойынша Президенттік шәкіртақы иегері. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, шығармашылық өнері бар. Университет белсендісі, факультет сардары, «Студенттік кәсіподақ», «Еріктілер орталығы», «Нұр ару», «Жас ақын» ұйымдарының мүшесі. «Серпін – асқақ ұраным» атты «Аламан» сайысында 1-орын, «Қазақстан халқының ауызша салт-дәстүрлері» қалалық мәнерлеп оқу сайысының 3-орын, «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» курсынан өткен, «Еліме арнау» өлеңдер сайысына қатысқан, «ҚР Бірінші Президентінің күніне арналған авторлық өлеңдер» сайысынан 3-орын, «Оқудағы жоғары көрсеткіші мен белсенділігі үшін» ректордың және деканның грамоталарымен марапатталған, «Студенттік ғылым – 2016», «Жастар және ғылым – 2017» атты IV халықаралық студенттік-тәжірибелік конференциясына қатысушы, «ЭКСПО-2017- дамудың жоғарғы деңгейі» атты дөңгелек үстелге қатысушы және «Талант года -2017» байқауының «Монолог души – 2017» номинация иегері. «Жастар өзін-өзі басқармалары мемлекетпен өзара қарым-қатынас құралы ретінде» жастар өзін-өзі басқару органдарының II өңірлік слетінің қатысушысы, «Мәңгілік ел жастары индустрияға», «Серпін» әлеуметтік жобасының іске асырылуына белсене атсалысқаны үшін «Халықаралық бағдарламалар» АҚ президенті Ж.Мелдешовтың Алғыс хатымен марапатталды. Республикалық «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» семинар-тренингінің қатысушысы, Алматы қаласында өткен «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» аталатын ақындар сайысының қатысушысы. «Лучшее стихотворение» номинациясының 1-орын иегері. «Мосты согласия» ҚҚ ұйымдастырған «Үздік студент-2018» конкурсының жеңімпазы. Өмірбаяны «Жас қыран» кітабына енген. 2018-19 жж. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың үздік студенті. Өмірбаяны «Жастар рухани жаңғыру жолында: Лучшие студенты СКГУ им. М.Козыбаева» жинағында жарық көрген. 2018-19 жж. «Педагогикалық» факультетінің үздік студенті. ҚМПУ оқу орнында өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазіргі ғылым мен білімнің басымдылықтары» ЖОО арасындағы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушысы. «Студенттік ғылым-2018» атты студенттік ҒТК жұмысына белсенді қатысушы. «Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығына» арналған жазба ақындар мүшайрасының қатысушысы. «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Молдағұловтың алғыс хатымен марапатталды. Софияда өткен Халықаралық XIV ғылыми- тәжірибелік «Бъдещето въпроси от света на науката-2018» конференцияның қатысушысы. Прагада өткен халықаралық XIV ғылыми-тәжірибелік «VĚDA A VZNIK -2018» конференциясының қатысушысы. 2018-19 жж. «Оқудағы жоғары көрсеткіші мен белсенділігі үшін» ректордың бірінші орынбасары Е.Исакаевтың мақтау қағазымен марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры мен «Қазақстан конгресі» ЗТБ ұйымдастырған «JasQalam» жастар журналистикасын дамыту жобасының қатысушысы.