Менің тарихым

Назерке Оңғар

Назерке Оңғар

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

143

Жамбыл облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық кеісім" КММ журналист

Жамбыл облысы

ОҢҒАР НАЗЕРКЕ САЙЛАУҚЫЗЫ – 1994 жылы қазан айының 4-ші жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында қарапайым ғана қазақ отбасында дүниеге келген. 2000 жылы Ойық ауылы Көктөбе бөлімшесіндегі «Б.Әлменұлы атындағы орта мектептің» табалдырығын аттап 2012 тәмамдаған.

Өлең өлкесіндегі Тырнақалды туындылары мектеп қабырғасында қаланып аудандық және облыстық басылым беттерінде жарияланған. Алғашқы жүлдесін қанжығасы 2012 жылдың көктемінде «Абай оқулары» байқауында «өз шығармашылығы» номинациясы бойынша байлаған. 2012 жылы Қыздар мемлкеттік педагогикалық университетінің «Ы.Алтынсарин атындағы» грантын ұтып алған.

Студенттік жылдарында шығармашылық саласына ерекше ден қоя бастаған. 2012 – 2016 жылдар аралығында жазылған өлеңдері мен мақалалары облыстық - аудандық басылым беттерінде жарық көрген. Көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық аудандық жүлдегері. Сондай – ақ, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Өрімтал», «Жамбылдың жауаһазын жырлары» тағы басқа облыстық жас ақындардың бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген. Қазіргі таңда «Өмір дедім..», «Арман айым», «Сағындым сені..», «Сен қайта оралғанда..», «Қарындасым», «Бақыттың бағасы», «Ғашығым» атты т.б бірнеше өлеңдеріне әндердер жазылған. Сондай-ақ, Назеркенің «Өмір дедім..» өлеңіне жазылған Серік Керімбековтың әні Астана қаласында өтіп жатқан ЕХРО 2017 халықаралық көрмесіндегі Тараз қаласындағы мәдениет күндерінде орындалды. Назерке тек өлең жазумен ғана емес қазіргі кезде интернет желісінде поэзия оқу шеберлегімен ерекеше назарға ілінуде. Сондай-ақ, көркем сөз оқу шеберлерінің бәйгелерінде де бақ сынасып жүлделі орындардан көрінген. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі бөлімінің қызметкері.