Менің тарихым

Набиев Вакиль

Набиев Вакиль

05

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

16980

Набиев Вакиль Гусейнұлы  –  Қазақстан халқы  Ассамблеясының мүшесі, ҚР күрділерінің «Барбанг» Қауымдастығының   вице – президенті. Алматы қаласы күрділерінің  «Барбанг»  Қауымдастығының этно-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі,  «Қазақстандағы балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы»  ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі,  «Нұр Отан» патиясының мүшесі, Алматы  облысы Іле ауданының құрметті азаматы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің сарапшысы.  Студент кезінен бастап қоғамдық-саяси қызметпен  аса белсенділікпен шұғылданады, жастар қанаты қатарында жүріп өзін сан қырынан көрсете білді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы күрді этносының аса жарқын өкілдерінің бірі.  Күні бүгінге дейін қоғамдық-саяси қызметтен қол үзген емес, Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесі құрамында қала тұрғындары мүддесін қорғап жүр. Өзінің  әлеуметтік- тұрмыстық секторға  бағдарланған жеке бизнесі  - «УМIT medical center» медициналық орталығы бар.  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым»  Республикалық жастар ұйымын құруға мұрындық болды және әлі күнге дейін  жастарға қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Вакиль Гусейнович жастар істері жөніндегі комитетке төрағалық еткен жылдар ішінде жастар арасында, оларды жаңа қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу ісінде, әсіресе жастар ортасында  қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді үйрету, ҚР  президентінің ішкі және сыртқы саясатын насихаттау мәселелері бойынша тұрақты түрде мәдени-бұқаралық шаралар өткізіп тұрады.  Басқа да этномәдени бірлестіктермен бірге қоғамдық келісім мәселесіне қатысты бірлескен шаралар ұйымдастырады.  В.Г. Набиевтің  бастамасы бойынша, Қазақстан халқының ынтымақтастығы күніне арналған шығармашылық кештер, жоғары оқу орындарында бейбітшілік және келісім  жол картасы, Алматы қаласы мен Алматы облысында ұлттық тағамдар фестивалі, Медеуде ҚХА-ның 20 жылдығына арналған  флешмоб, Алматы облысының Іле ауданында 9 -мамыр Жеңіс күніне арналған  «Қамқор»шарасы ұйымдастырылды. Өз бастамасы бойынша, өзінің балалық және жастық шағы өткен, өзі білім алған  №19 орта мектеп орналасқан өлкеде  Вакиль Гусейнович заманауи қондырғылармен  жабдықталған «УМIT medical center» жаңа  медициналық орталық ашты. Ол қазір Алматы облысы, Іле ауданының Түймебаев атындағы кентінде табысты жұмыс істеп тұр.   Қазіргі кезде бұл медициналық мекемеде 30 адам еңбек етеді, Орталықта   емдеу бағасы қолжетімді, Ұлы Отан соғысы мүгедектері  мен қатысушылары, еңбек ардагерлері, көп балалы аналар мен жетім балаларға медициналық қызмет көрсетуде жеңілдіктер қарастырылып, тегін қызмет көрсету мүмкіндіктері жүзеге асырылған.   Орталық ашылғаннан бергі үш жыл ішінде мұнда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 560 адам медициналық тексеруден өтті.  Емдеу орыны әлеуметтік бағдарланған, ауданның тыныс-тіршілігіне белсенді араласып, балалар  үйіне тұрақты қолдау көрсетіп отырады, сондай-ақ  қазіргі кезде қарқынды  жүргізіп отырған қайырымдылық  қызметін одан әрі де жалғастыруды жоспарлап отыр.