Менің тарихым

Нұрлан Мінайдаров

Нұрлан Мінайдаров

31

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

8128

Көкшетау қаласындағы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі

Ақмола облысы

Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, 2018 жыл «Құрмет» орденінің иегері. 2019 жылдың Ақмола облысының үздік дәрігері.

1999-2005 жылдары Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясын үздік бітірді.

2005-2006 жылдары Қызылжар қаласы  облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде хирург маманы бойынша интернатурадан өтті.

2006 жылы Қызылжар қаласының «Жедел Жәрдем» станциясында дәрігері.

2006-2008 жылдары Степногорск қаласы орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері.

2007 жылы Литва, Каунас Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жүрек орталығында» қайта мамандандырудан өтті.

2008 жылы Ақмола облыстық ауруханасына ангиохирургия бөлімшесіне кардиохирург ретінде жұмысқа қабылданды.

2008 жылдың тәуелсіздік күніне қарсы Ақмола облыстық денсаулық департаментінің атынан медицина саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасы» берілді.

2009 жылы «Медицина қызметкерлері күні»мерекесіне орай облыс әкімінен «Алғыс хат» алды.

2009 жылы Степногорск қаласында өткен «Жүрек және тамырлардың өзекті мәселелері" атты конференцияда «Алғыс хатқа» ие болды.

2009 жылдан Ақмола облысының штаттын тас кардиохирург маманы.

2014 жылы «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай Ақмола облыстық аурухана әкімшілігінің құрмет грамотасын иеленді.

2009-2018 жылдары Республикалық конференцияларда, съездерге қатысып тұрады.

2009-2018 жылдары Швейцария, Испания, Голландия, Франция, Португалия елдерінде болған Европа елдерінің Кардио-Торакальді хирургтардың съезіндеріне қатысты.

2018 жылда кардиохирургия саласы бойынша жоғары категорияны иеленді.

2018 жылы Ақмола облысында кардиохирургия саласын дамытқаны үшін тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақтан Республикасының Мемлекеттік наградасы «Кұрмет» ордені берілді.

2019 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Практикалық тәжірибесі:                      

1500 аса жасалған жүректің ишемиялық ауруы, жүректің туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары кезінде жасалатын оталардың түрлері.

Жылына 150 ден астам аортокоронарлық ұштастыру операциясын, жүрек қақпақшалары ақауы кезіндегі протездеу, пластика, аннулопластика, жүректің туа пайда болған ақауы кезіндегі коррекция жасау операцияларын жүргізеді. Сонымен қатар, жедел коронарлық синдром кезіндегі жүрекке аортокоронарлық ұштастыру операциясымен ЭКМО аппаратын қосу операцияларын жасайды.

Жүректің ишемиялық ауруларына, туа және жүре пайда болған жүрек ақауларына жүргізілетін оталардың 1500 аса түрі.

2008 жылы Ақмола облыстық аурухана базасында кардиохирургия бөлімшесінің ашылуы.

2009 жылы Көкшетау қ. өздігінен алғаш рет жасанды қанайналым жағдайында аортокоронарлық ұштастыру отасын жүргізді.

2011 жылы жүректің туа біткен коронарлы арнаның микокардиалды бұлшықет көпірі кезіндегі супракоронарлы миотомия отасын жасады.

2011 жылы жіті коронарлық синдром кезінде жедел көмек көрсету қызметі ұйымдастарылды.

2012 жылы ересектердегі жүректің туа пайда болған ақаулары кезіндегі отаны енгізді (жүрекше аралық перденің тесігін жабу отасы).

2013 жылы жүректің жүре пайда болған ақаулары кезіндегі (ревматикалық зақымдалу, инфекциялық эндокардит және жүрек қақпақшаларының дегенеративтік  ауруы) аорталық және митральдық қақпақшаларын механикалық протезбен алмастыру оталары.

2014 жылы қосарланған жүрек қақпақшаларын алмастару отасы (үш қақпақшалы процедура - аорталық,  митральдық қақпақшаларды протездеу және трикуспидальді қақпақшаның анулопластикасы.

2014 жылы жүрек қақпақшаларын билогиялық протезбен алмастыру әдісі енгізілді. 

2015 жылы қосарланған операциялар: аортокоронарлық ұштастыру отасы және жүрек қақпақшасын протезбен алмастыру отасы.

2018 жылы қосарланған ота: қолқаны супракоронарлық протезбен алмастыру және аортокоронарлық ұштастыру отасы.

2019 жылы Көпбейінді облыстық ауруханасында жүректің кардиогенді шогымен асқынған жедел инфаркт кезіндегі аортокоронарлық ұштастыру операциясынан кейін ЭКМО (экстракорпоралдық мембрандық оксигенация) қою отасы енгізілді. 

Аураханада жұмыс істеу істеу барасында 1500 аса жүректің ишемиялық ауруы, жүректің туа пайда болған және жүре пайда болған ақаулары кезінде оталарды жасады.

Жылына 150-ден жүректің ишемиялық ауруы, жүректің туа және жүре пайда болған ақаулары кезіндегі оталарды жүргізеді.

Отбасы жағдайы: үйленген, алты баланың әкесі.