Менің тарихым

Марат Акылбеков

Марат Акылбеков

31

Қазан

Медицина
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1180

ШЖҚ МКК "Қарасай аудандық орталық ауруханасы"

Алматы облысы

Медицина ғылымының магистрі, экономика және бизнес саласының маманы, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қарасай аудандық орталық ауруханасы» МКК-де 2018 жылдан бері директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Өзінің қысқа еңбек жолында әр түрлі деңгейде қызмет атқарды. Жоғары тәжірибеге ие және басқарушылық шешімдерді сапалы орындайды.

Әлеуметтік бағыттағы мәселелерді қаржылық-экономикалық құралдармен байланыстыра білу, Қарасай ауданының халқына қолжетімді медициналық көмекті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ақ халатты абзал жандардың жұмыстағы мақсаты пациенттерге сапалы көмек көрсету арқылы көңілден шығу. Сапалы көмекті қолжетімді етуге ұмтылған медициналық қызметкерлерді үстемелеу, ұйымда жұмыс істейтін әрбір қызметкер үшін үлкен қуаныш екендігі белгілі. Медициналық қызметкерлерді сапалы индикаторлық көрсеткіштермен бағалай отырып, үстемелеу жүйесін ауданымыздың орталық ауруханасына алғаш енгізе білді.

Медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыруының нәтижесі, тиімді жүйе құруға мүмкіндік берді. Ұйымастырылған тиімді жүйе өз жемісін беріп, ауданымыздың жақсарған денсаулық көрсеткіштерінде көрінуде. Медицина саласына сіңірген еңбегі үшін 2014 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, 2013 жылы салалық кәсіподаққа қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен, 2018 жылы «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалының алғыс хатымен марапатталды. Кәсіби жұмыспен бірге ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене ат салысады. Қарасай ауданының 90-жылдығына қарсы мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған спорттық шарада 1 орынға ие болды.