Менің тарихым

Максат Сарыбаев

Максат Сарыбаев

21

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

3370

Жамбыл облысы 

Сарыбаев Максат Махмутулы – жоғары санатты педагог-зерттеуші, техника ғылымдарының магистрі. ҚР білім және ғылым министрлігі және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өткен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама-2017», «Үздік авторлық бағдарлама-2018» байқауының жеңімпазы. Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткен Республикалық «Өнегелі ұстаз» байқауының І орын иегері. Информатика пәні бойынша интернет олимпиадасының Республика көлемінде –ІІІ орын, ал үштілді онлайн олимпиадасының – І орын иегері. Робототехника жарысын ұйымдастыруда және өткізуде белсенділік танытқаны үшін және университеттің профессор-оқытушыларына, бітіруші түлектеріне жоғары деңгейде шебер сынып өткені үшін облыстық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталған. Шәкірттері қалалық, облыстық және республикалық олимпиада және ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары. 5 – сыныпқа арналған «Робототехника» және 7-сыныпқа арналған «мобильді қосымшалар» мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдарының, оқушыларға арналған жұмыс дәптерлерінің авторы. Оқу-әдістемелік құралдары мен оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері республика көлеміндегі мектептерде кеңінен тарап, қолданылуда. Бос уақытында тоғызқұмалақ ойнағанды ұнатады. Педагогтар арасында өткен облыстық спартакиадасының «тоғызқұмалақ» номинациясы бойынша жеңімпазы.