Менің тарихым

Мақсат Медеубек

Мақсат Медеубек

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

2294

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Құрманғазы атындағы ҚҰК

Алматы

Медеубек Мақсат Сағатбекұлы Қол жеткізген жетістіктері: Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қоры грантының иегері; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, өнер магистрі; Құрманғазы атындағы ҚҰК докторанты; «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі; «Kobyzbook» электронды оқу құралының (мобильді қосымша және веб сайт) авторы;

Қатысқан байқаулары: 2002ж.–Жас орындаушылардың ХХIII Республикалық конкурсының лауреаты–3 орын; 2003ж.–Құрманғазы атындағы V Халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының лауреаты -3 орын; 2003ж.–VI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты–3 орын; 2004ж. – Республикалық конкурстың - 2 орын иегері; 2004ж.–«Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІ сайысының жүлдегері - 2 орын; 2004ж. – Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы ІІ Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының лауреаты – 2 орын; 2005ж.–«Асыл мұра» жобасы бойынша өткізілген Дәстүрлі музыка орындаушылардың ІІІ сайысының жүлдегері – 1 орын; 2005ж. – VIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты – 1 орын; 2007ж.-«Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалінің «Нар қобыз» номинациясы бойынша -1 орын иегері; 2008ж.–Тараз қаласында өткен Ықылас Дүкенұлы атындағы Халықаралық Қылқобызшылар конкурсының лауреаты - 2 орын; 2012ж. – Қорқыт атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалінің - 1 орын иегері. 2014ж. – Ерден Сандыбайұлы атындағы І Республикалық қобызшылар байқауы - 2 орын; 2018 ж. – Тілеп Аспантайұлы атындағы II Халықаралық қобызшылар байқауының Гран При жүлдегері; Жеке концерттері мен ұйымдастырған жобалары: 25.11.2011ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның кіші залы «Нар толғау» атты нар қобыз аспабының тұсау кесер концерті; 13.05.2015ж. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Бір күй бар тамырымда» атты концерті; 15.03.2017ж. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының концерт залында «Kobyzbook» электронды оқу құралының (мобильді қосымша және веб сайт) тұсаукесері; 03.11.2018ж. ақын, жазушы, сазгер С. Медеубекұлының 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші және аталған сазгердің «Алатауым менің» атты ән-күй жинағын құрастырушысы.

Ғылыми еңбектері: 1. «Қазақтың ұлттық аспаптарының бірі нарқобыз және оны жетілдіру жолдары»; 2. «Қобыз және оны ұстау, тарту әдіс-тәсілдері»; 3. «Қобыз тарту өнерінің кейбір әдістемелік мәселелері»; 4. «Қазақ халқының ұмыт болған көне үрлемелі аспаптарының тағы бір түрі»; 5. Kobyzbook»-қобыз үйренудің инновациялық құралы»; 6. «Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, С.Үмбетбаевтардың қобыз тартудағы сол қол техникасы мен аспапты ұстау ерекшеліктері»; 7. «Ішекті-ысқышты аспаптардың орындаушы қолында орналасуының сол қол техникасына тигізетін әсері» (қазақ қобызы, қырғыз қыл-қыяғы, қарақалпақ кобузы) ; 8. «Қазақ, қырғыз,өзбек, қарақалпақ халықтарының қобыз тектес аспаптары: салыстырмалы-типологиялық зерттеу аспектілері»; 9. «Өзбек қобызы және оған арналған күйлер»; 10. «Еділ бойындағы татар, ноғай халықтарының мәдениетіндегі қыл-қобыз тектес аспаптары;