Менің тарихым

Мади Тлепбергенов

Мади Тлепбергенов

31

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

2

«Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің ғылыми қызметкері

Алматы облысы

«Үздік қолөнер шебері» 2017 ж. 2012 жылдың 30 қазан күні Астана қаласында өткен «Ел іші-өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылық байқауына қатысты. 2013 жылы сәуір айының 04 күні Есік қаласының мәдениет үйінде өткен Жастар форумына қатысты.

2013 жылы 9 маусым күні «Продюсерский центр «Sun Production»-ның «Декоративно – прикладное искусство казахов» атты деректі филіміне түсіті. 2013 жылы тамыздың 03 мен 05 күні аралығында Қазақстан ұлттық телеарнасының режисері Гүлнәр Бораштың «Қазақ даласының сырлары» , «Алтын адам» аттын 8 сериялы филімінің түсіріліміне қатысты.

2013 жылдың 13 – 14 қыркүйек күндері Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және ақпарат министірлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының әкімдігінің алдындағы «Орталық» алаңында «Жетісу Астана төрінде» атты Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» көшпелі көрмесімен барып атсалысып қайтты. 2013 ж. Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласында өткен мәдени іс-шарада көшпелі көрме ұйымдастырып қатысты.

2014 ж. Францияның астанасы Париж қаласында өткен мәдени іс-шараға қатысты. 2016 жылдың 18-22 қыркүйегінде Ресейдің Мәскеу қаласында, Астана қаласының мәдениет күндері аясында өткен мәдени шараға көшпелі көрмесімен зергерлік өнерінен шеберлік сабақтарын көрсетіп қайтты. 2017 жылдың қаңтар айында «ХХVІІІ Қысқы Универсиада» өтуіне байланысты» осы шараға арналған «Алатау алабында» атты этно фестивальға қатысты.