Менің тарихым

Құралай Хамитова

 Құралай Хамитова

10

Қазан

Спорт
участник 2019

Құралай Хамитова – каратэ спорт түрінен Риддер қаласы құрама командасының бас жаттықтырушысы. Дене шынықтыру және спорт саласында жоғары білім алған. Каратэден 1 санаты, қара белбеуі, 3 даны бар.

Оның жаттықтырған шәкірттері талай спорттық додаларда топ жарып жүр. Атап айтсақ, Шаяхмет Мансур (9 жаста) – облыс чемпионы, ҚР жүлдегері, Риддер құрама командасының қазіргі спортшысы. Бекқазы Дарын (15 жаста) – облыс чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Алтай өлкесінің чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері, Әлем Чемпионатының қатысушысы, ШҚО құрамасының қазіргі спортшысы. Қара белдік, 1 дан иесі. Какатаев Диас (17 жаста) – облыстың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Ресей чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР құрамасының қазіргі спортшысы. Спорт шебері. Қара белдік, 1 дан иесі.