Менің тарихым

Куаныш Куралбаев

Куаныш Куралбаев

31

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1194

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатыны

Ақтөбе облысы

«Білім-инновация» лицей-интернатың директоры Куралбаев Қуаныш Нұрланұлы педагогика ғылымдарының магистрі, «педагог-шебер» (2018 жыл) және жоғары (2014 жыл) кәсіби біліктілік санатына ие математика пәні мұғалімі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Лестер университетінде «Білім жүйесінде басқару» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.

2018 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына орай өткізілген республикалық конференцияда Ақтөбе «Білім-инновация» лицей-интернаты 131 мектеп ішінде «ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН» атағына ие болды, вице-министр А.Аймағамбетов лицей директоры Қ.Куралбаевқа салтанатты түрде сертификат пен кубокты табыс етті. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы Республикалық пәндік олимпиадалар қорытындысы бойынша 100 үздік олимпиадалық мектеп тізімінде Ақтөбе «Білім-инновация» лицейі 2-орын иеленді.

2017-2019 жылдары «Білім-инновация» лицей-интернаты облыстық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атанып, Ақтөбе облысының білім басқармасының Бас жүлдесін жеңіп алды және «Үздік инновациялық мектеп» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды. «Үздік орта білім беру ұйымы-2019» конкурсында «Білім-инновация» лицей-интернаты жеңімпаз атанды, «Білім және ғылым» тақырыбындағы Тамыз кеңесінде облыс әкімі О.Оразалин 8 млн.теңге сертификатын табыс етті. Куралбаев Қуаныш Нұрланұлы 2016 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) ұйымдастыруымен өткізілген «Внедрение программ многоязычного образования в учебно-воспитательный процесс школы: проблемы и перспективы» атты семинарында, 2016 жылы Амстердам қаласында «CTS STEM Education CLIL Teacher Training» курсында, 2017 жылы Алматы қаласында «Education Leadership» курсында, 2018 жылы Майндағы Франкфурт қаласында өткен «32-hour training seminars» семинарында біліктілігін арттырған. Куралбаев Қуаныш Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен (2015 жыл, 2019 жыл).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алғыс хатымен (2019 жыл) марапатталған. Ақтөбе облысы Әкімдігінің Алғыс хатымен (2019 жыл), «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Құрмет грамотасымен (2019 жыл), Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен (2012 жыл), Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен (2010-2012 жылдары) марапатталған. Куралбаев Қуаныш Нұрланұлының Ақтөбе облысы Білім басқармасы тарапынан шыққан «Ақтөбе облысы білім саласының көшбасшылары» жинағына шебер де білікті басшы ретінде есімі енген, еңбек жолындағы жетістіктері жинақталып жария етілген. Куралбаев Қуаныш Нұрланұлының оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда ұстазының нәтижелі еңбегін дәлелдеді.