Менің тарихым

Каракоз Туякбаева

Каракоз Туякбаева

31

Қазан

Ғылым
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

4509

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Компьютерлік бағдарламалау» бөлімінің меңгерушісі

Қызылорда облысы

1985 жылы 16 қазанда Қызылорда қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Білімі 2003 жылы № 3 гимназия бітірген. 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 370140-«Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығын аяқтап, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 6М060200-«Информатика» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының магистрі атағын алды. Жұмыс өтілімі: 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету» бөлімінің программисті, 2018 жылы М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Компьютерлік бағдарламалау» бөлімінің меңгерушісі, «Программалау» пәнінің оқытушысы.

Жетістіктері: 3 авторлық куәлік. 5 ғылыми еңбектері, оның ішінде 2 әдістемелік құралы, 2003 жылы 1-дәрежелі диплом студенттердің 5(59) дәстүрлі ғылыми конференциясында үздік баяндама жасағаны үшін, 2006 жылы «Информатика және программалау негіздерінен» 2 Республикалық олимпиадада 3 орынды иеленген, Ұлттық инновациялық қордың 2007 жылғы Nif50k конкурсының финалистінің бизнес-план бойынша сертификаты.

Бұл конкурста: «IT – ЛАБОРАТОРНЫЙ КОМПЛЕКС ПО ФИЗИКЕ» тақырыбы бойынша финалға қатысты. Ұлттық инновациялық қордың 2007 жылғы Nif50k конкурсының жартылай финалының дипломы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына орай университет жұмысын дамытуға қосқан үлесі үшін медаль және алғыс хат. 3 оқушы Республикалық және облыстық сайыстардың жеңімпаздары. Меңгерген бағдарламалау тілдері: ASP.NET C#, ASP.NET VB, JavaScript, PHP, SQL, Python, 3D Max, ArtCAM. Каракоз Арыстанбековна «E-COLLEGE», «E-UNIVER» және «ФИЗИКА пәнінен 3D форматтағы виртуалды зертхана» бағдарламаларының авторы. «E-UNIVER» автоматты басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері: университет құрылымдарының, үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институтының жұмыстарын online режимде толығымен автоматтандыру. 2016 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу үдерісінде қолданысқа енді.«E-COLLEGE» автоматты басқару жүйесінің мақсаты мен міндеттері: интернет желісі арқылы online режимде колледждердің оқу-тәрбие жұмыстарын толықтай автоматтандыру. 2018 жылдан бастап М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіне оқу үдерісінде қолданысқа енді.

2019 жылдан бастап Қызылорда қаласының колледждеріне енгізіле бастады.«ФИЗИКА пәнінен 3D форматтағы виртуалды зертхана» колледж және мектеп оқушылары үшін әрбір бөлімнен (Механика, Молекулярлық физика, Электромагнетизм, Оптика ) зертханалық жұмыстар жасауға мүмкіндік береді. Бұл виртуалды зертхана 2019 жылы жасалып, Қызылорда қаласының мектептерінде және М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу үдерісінде қолдануда. Қазіргі таңда Python және JavaScript бағдарламалау тілдері арқылы робототехника және жасанды интеллект әзірлеумен айналысуда.