Менің тарихым

Камшат Бердиева

Камшат Бердиева

24

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

12640

Ақтөбе облысы

Бердиева Камшат Омарбековна құқықтану саласының өкілі.

1998 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауылындағы орта мектепті бітіргеннен кейін «Казахстанская правда» газетінің редакциясы және «Әділет» жоғары құқық мектебі ұйымдастырған республикалық «Твое право» байқауының жеңімпазы атанды.

Жеңісі үшін оған «Әділет» Жоғары құқық мектебінде тегін білім алу құқығы берілді. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына, нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензияларын алды. 2012 жылдан бастап Ақтөбе қаласында нотариус қызметін атқарады.

Адвокаттың және нотариустың тәжірибесі бар ол Қазақстан Республикасындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдарға қоғамдық мәселелер туралы жеткізу, халыққа құқықтық көмек көрсету бойынша шараларға белсенді қатысады. Халықаралық-құқықтық конференцияларға қатысады, «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процестің алқабилер» сертификаты бар.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтарды мүдделерін қорғаудың құқықтық жолдары туралы ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мақалалар мен ақпараттарды жүйелі түрде жариялап отырады. 2019 жылдың шілдесінде «Пытаются кинуть? Есть выход!» атты Ақтөбе облыстық «Эврика» газетінде (сілтеме http://www.rikatv.kz/evrika/articles/pytayutsya-kinut-est-vykhod.html) және «Как смартфон может защитить своего владельца в суде?» атты «Экспресс К» республикалық газетінде (сілтеме https://express-k.kz/news/ekspertiza/kak_smartfon_mozhet_zashchitit_svoego_vladeltsa_v_sude-144127) мақалалар жарияланды.

2010 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған кәсіпкерлік курстарын өтті. Заман талабын басшылыққа ала отырып, заң ғылымының міндеттерін жүзеге асыруда заманауи технологиялардың жетістіктерін қолдану мақсатында қазіргі уақытта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алуда.

2014 жылы ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның және ZAKON.KZ қазақстандық ақпараттық порталының «Мен Қазақстан заңнамасында нені өзгертемін, неліктен және ол елге не береді?» Қазақстандық жарысына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды. Оның пікірінше «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасындағы жеңіс Қазақстан Республикасындағы заң шығару мен құқық қолдану практикасының сапасын жақсарту процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді.