Менің тарихым

Гулизат Сейдазова

Гулизат Сейдазова

20

Қазан

Қоғам
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

14451

Шымкент қаласы 

РҚБ "Медиацияны дамыту орталығы" халықаралық кәсіби медиатор

СЕЙДАЗОВА ГУЛИЗАТ ШҮКІРҚЫЗЫ- Халықаралық кәсіби медиатор, БИ. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы бойынша өкілдік директоры. Медиация саласына 2018 жылдан бастап келген. ҚР "Медиация туралы заңы" негізінде, кәсіби медиатор, халықаралық медиатор куәліктерін иемденген. Сонымен қатар, Республика көлеміндегі 2000-ға жуық кәсіби медиаторлар арасынан алғашқы "БИ" куәлігінің иегері.

Бүгінгі таңда 1 жыл уақыт көлемінде жалпы саны 18000-нан астам істі медиация арқылы келісімге келтіріп сот барысында және сотқа дейін істерді қысқартқан. Атап айтатын болсақ: Қылмыстық істер бойынша- 273; Азаматтық істер бойынша-4095, оның ішінде жер дауы бойынша-42, азаматтық-құқықтық істер бойынша-1117, мүлік дауы бойынша-41, коммунальдық төлемдер бойынша-2935; Отбасылық даулар бойынша-3283, оның ішінде ажырасу ісі бойынша-42, мүлік бөлісу бойынша-47, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау бойынша-29, мұрагерлік ісі бойынша-23, ажырасу кезіндегі татуластыру бойынша-748, алимент өндіру бойынша-2315; Мектеп медиация бойынша-2040; Еңбек дауы бойынша-6084; Халықаралық медиация бойынша 2500. Халықаралық медиация негізінде халықаралық деңгейде 2500 іс барысында Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Польша, Туркия, Біріккен Араб әмірлігі, Әбірбайжан, Жапония сынды мемлекеттермен келісім жүргізу барысында ынтымақтасты сақтап қалуға ықпал жасаған.

Ажырасу мақсатымен келген отбасылармен жұмыс жасау барысында 748 отбасы сақталынып қалып, бүгінгі таңда тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әлем бойынша қолданыста ең жиі кезедесетін, дауларды шешудің ең перспективті және альтернативті тәсілдерінің бірі, – ол медиация.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын. Бүгінгі таңда әлемде сот өндірісі және басқа да азаматтық істерді медиация арқылы шешіп келеді. Дегенмен, азаматтық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы, медиацияның біздің қоғамда тиімділігін жеткізу жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Сондықтан да, жаңа институтты елімізде одан сайын жетілдіру қажет. Дауласқанды сөзге тоқтатып, татуластыратын, бітімге келу арқылы шығынның орнын толтыратын қазақтың дала демократиясындағы билердің мәмілегерлік институты өркениеттік үлгі ретінде қайта оралту қажет.

Бітімгершілік - дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл халыққа да, сотқа да тиімді. Сондықтан бұл заңды халыққа жете түсіндіріп, қазіргі кезде дауды шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол екенін ескеріп, бұл сала негізінде жұмыс жасап бастап жаңа маман иелерінің қоғамға танылуына ықпал жасауларыңызды сұраймыз.