Менің тарихым

Ескендир Рысбеков

Ескендир Рысбеков

09

Қазан

Спорт
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

100

Рысбеков Ескендир Нурдаулетович 1990 жылы 28-ші наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Бахыбек ауылында дүниеге келген. Ең алғаш спортты 16 жасында армрестлингтен бастады. Спорттың бұл түріне ерекше қызығушылығы болғандықтан болар, Ескендир қысқа уақыт арасында ауыз толтырып айтарлықтай жеңіске және түрлі мараптқа ие болды. Атап айтқанда, Армрестлингтен 2013-2014, 2015-2016 жылдары Қазақтан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды. 2016 жылы Өзбекстан (Ташкент) қаласында өткен Азия чемпионатының алтын жүлдесін қанжығасына байлады. 2018 жылы Әлем кубогінің иегері және дәл осы жылы Швейцария (Жанево) қаласында өткен халықаралық «Гладиатор» турнирінде жеңімпаз болды. 2015-2017 жылдары Азия кубогінің иегері болды. 2016 жылы Республика бойынша Армрестлингтен «Үздік жаттықтырушы» атанды. Өзінің жаттықтырушы қызметінде осы уақытқа дейін 7 әлем чемпионын, 20 Азия және бірнеше Қазақстан Республикасы чемпионын дайындады. 2019 жылы «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттталды.