Менің тарихым

Ерзат Рамазанов

Ерзат Рамазанов

30

Қазан

Мәдениет
Қатысушы 2019

Дауыс берілді

1025

Шоу бизнес. Алашұлы тобы

Шығыс Қазақстан облысы

Рамазанов Ерзат Бейбитович Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында 1995жылдың 4 маусымында дүниеге келген. Үйдің сүт кенжесі ата әжесінің тәрбиесінде болады. 2001жылы Қарабұта орта мектебінің табалдырығын аттап, жастайынан өнерге жақын болып өсті. Мектеп шараларында ел алдында болып, сахнада түспеген Ерзат 2013жылы Алматы қаласында орналасқан, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында “Театр өнері” факультетіне оқуға түседі.

Академия қабырғасында жүріп өзінің өнерлілігін ұстаздарына дәлелдей алған Ерзатты, академия ұстаздары 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан “Астана мюзикл” театрына қызметке шақырады. 2017 жылы бірегей тыңдалым нәтижесімен Ерзат Рамазанов он жылдық тарихы бар “Алашұлы” тобының жаңа солисті ретінде қалың халыққа таныстырылды. Дебюттан кейін бірден халық көзайымына айналып үлгереді. Танымалдылығының арқасында ерікті түрде Ерзатты қолдаушы жастар арасында “Рухтылар” жанкүйерлер клубы ашылды. Сол жылы Ерзат академиядағы оқуын үздік аяқтайды. Ерзат Рамазанов бүгінгі таңда тек қана белгілі әнші ғана емес, бірнеше кино туындыларда басты рөлдерде бой көрсеткен кәсіби актер. Атап айтатын болсақ, “ Қырық жеті баланың анасы”, “Оралу”, “Абысындар” және т.б. Ерзаттың шығармашылық жолында алған марапаттары да аз емес:

1. 2017- 2018 жылдардың “Жыл таңдауы” номинациясының иегері;

2. 2017- 2018 “Star of Asia” халықаралық фестиваль жеңімпазы;

3. Қазақстанда алғашқы рет өткізілгелі жатқан “Qazaq music awards” премиясының үміткері;